КІТАПХАНАШЫҒА СҰРАҚ

Ғылыми кiтапхана оқытушылар мен студенттердің ақпараттық қажеттіліктеріне орай анықтамалық қызмет көрсетеді. Кітапхананың ақпараттық-библиография бөлімі Сіздердің сауалдарыңызға жауап береді, Сіздің тақырыптық сұраныстарыңызға байланысты кітапхана қорындағы басылымдардан алынған ақпараттар тізімін электрондық поштаңызға жібереді. Сауал қазақ және орыс тілдерінде қабылданады. Анықтаманың орындалу мерзімі – 2 жұмыс күні. Біз мереке және демалыс күндерін қоспағанда, сағат 9.00-18.00 дейін қызмет көрсетеміз. Сіздің сауалдарыңызды күтеміз.

Анықтамалық қызметте қаралмайтын сұрақтар:
– түсініксіз қойылған сауалдар;
– реферат, курстық және дипломдық жұмыстарды дайындау;
– математикалық, физикалық, химиялық және т.б. тапсырмаларды орындауға байланысты;
– сөзжұмбақтар мен викториналық сұрақтарды шешу, интеллектуалды ойындар мен конкурстар т.б. сипаттағы мәлiметтерге ақпараттар беру.