Ақпараттық-библиография бөлімі

Университеттің студенттеріне, магистранттарына, оқытушылары мен ғылыми қызметкерлеріне анықтамалық-библиографиялық және ақпараттық қызмет көрсетеді.

Бөлім электронды каталогтағы «ЕҰУ ғалымдарының еңбектері», «ЕҰУ баспасөз беттерінде» толық мәтінді деректер базасын толықтырады, библиографиялық көрсеткіштер құрастырады және ақпараттық тізімдер әзірлейді.

Анықтамалық қызмет көрсету барысында кітапхана қоры мен каталогтар жүйесі, интернет ресурстары, отандық, шетелдік библиографиялық және толық мәтінді деректер базасы пайдаланылады.

Оқырмандарға жаңа басылымдарды насихаттау мақсатында «Ақпарат күндерін», «Кафедра күндерін» т.б. ұйымдастырады. Бөлімге қарасты диссертация залы мен мерзімді басылымдар оқу залы қызмет көрсетеді.

Бөлім басшысы: Ермағанова Мейрамгүл Зағпарқызы

Байланыс телефоны: +7 (7012) 70-95-00 (ішкі: 32-408)

e-mail: ermaganova_mz@enu.kz

Жұмыс уақыты: сағат 09.00 - 18.00. (жұмыс күндері), сенбі  09.00 - 14.00.  
Әр айдың соңғы күні – тазалық күні