Пәндік кітапханашылар

Құрметті оқытушылар!

   Университеттің ғылыми кітапханасы оқу және ғылыми-зерттеу үдерістерін ақпараттық қолдау мақсатында пәндік кітапханашы қызметін ұсынады. Пәндік кітапханашылар  қызмет көрсететін факультеттердің кафедраларымен тығыз қарым-қатынас орнатады, мамандықтар бойынша кітапхана қорының тиімді пайдалануы мен сапалы сақталуын қамтамасыз етеді. Пәндік кітапханашының міндеттері.

  • Факультет кафедраларының іс-шараларына, жиналыстарына бару  (мүмкіндігінше);
  • Кафедралардан түскен кітаптарды сатып алу туралы өтінімдерді қабылдау;
  • Ақпарат күндері мен Кафедра күндерін ұйымдастыру және өткізу;
  • Факультеттің профессор-оқытушылар құрамының  ғылыми  және білім беру қажеттіліктерін зерттеу;
  • Оқу және ғылыми-зерттеу қызметі бойынша профессор-оқытушылар құрамына кеңес беріп, қолдау көрсету;
  • Ғылыми мақалаларды рәсімдеуде өзінің библиографиялық деректер базасын құрастыруда  көмек көрсету;

ENULIB электронды кітапханасын, электронды каталогты, интернетті және   деректер базасынан ақпаратты іздестіру бойынша семинар, тренингтер өткізу.