Каталогтау және құжаттарды жүйелеу бөлімі

Каталогтау және құжаттарды жүйелеу бөлімі оқырмандардың ақпараттық қажеттіліктерін қанағаттандыру мақсатында каталогтар жүйесі арқылы кітапхана ресурстарының қолжетімді болуын қамтамасыз етеді. Бөлімнің қызметі электрондық каталогты (ЭК) құру, жүргізу; кітапханаға келіп түскен құжаттарды ғылыми өңдеу; халықаралық стандарттар мен ережелерге сәйкес құжаттарды библиографиялық сипаттау және жүйелеу; кітапхана қорындағы ретроспективтік құжаттарды электрондық каталогқа енгізу; дәстүрлі құжаттардың электрондық көшірмесінің библиографиялық жазбасын құрастыру; толықмәтінді электрондық ресурстардың деректер базасын қалыптастыруға бағытталған. Кітапханада ЭК 2008 жылдан бастап КАБИС (Қазақ автоматтандырылған кітапханалық-ақпараттық жүйе) бағдарламасы негізінде жүргізілуде. Электрондық каталог баспа құжаттары туралы (оқу құралы, оқу-әдістемелік құралы, монография, көркем әдебиет, автореферат, диссертация және т.б.), CD (DVD) тасымалдаушыларда басылған электрондық құжаттар, электрондық көшірмелер туралы (электрондық құжаттың сипаттамасына сол құжаттың толық мәтінінің сілтемесі бекітіледі) ақпаратты көрсетеді. ЭК көлемі 108 000 астам библиографиялық жазбаны құрайды. Карточкалық қызметтік әліпбилік каталог ағымдағы құжаттармен қоса кітапхананың бар қорын көрсетеді.

 

Бөлім басшысы: Тукубаева Карима Казисовна
Байланыс телефоны: +7 (7172) 70-95-00 (ішкі: 36-108) 
e-mail: tukubaeva_kk@enu.kz
Жұмыс уақыты: сағат 09.00 - 18.00. (жұмыс күндері), сенбі  14.00-ге дейін.  
Әр айдың соңғы күні – тазалық күні