Ғылыми-әдістемелік бөлім

   ҚР Білім және ғылым министрлігінің 2000 жылғы 27 наурыздағы №249 Бұйрығына сәйкес Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің ғылыми кітапханасы – Астана қаласы мен Ақмола облысының жоғары және орта кәсіптік білім беру жүйесі кітапханалары үшін бірыңғай үйлестіруші, ғылыми-әдістемелік және ақпараттық орталық болып бекітілген.
Бөлімнің негізгі міндеттері:
•    Кітапхана қызметінің негізгі бағыттары бойынша әдістемелік көмек көрсету;
•    Кітапхана ісінің озық іс-тәжірибелерін зерттеп, насихаттау және енгізу;
•    Кітапхана қызметкерлерінің біліктілігін жетілдіру;
•   Ғылыми кітапхананың бөлімдері мен басқа да кітапхана қызметкерлеріне кітапханалық және ақпараттық-библиографиялық қызметті жетілдіруде кеңес беріп, әдістемелік көмек көрсету;

•   Ғылыми кітапхана құрылымдық бөлімшелерінің жұмысын ұйымдастыруға тәжірибелік көмек көрсету;

•   Ақмола облысы және Астана қаласындағы білім беру жүйесі кітапханаларының қызметін үйлестіру;
    Ғылыми-әдістемелік бөлім көпшілік іс-шараларды насихаттауда және белгілі бір мақсатта арнайы іріктеліп, жүйеленіп оқырмандардың оқып танысуы үшін ұсынылатын әдебиеттер жиынтығынан тұратын кітап көрмесін және оқырмандар конференциясын ұйымдастырады. Үйлестіруші: Байниязова Гүлмайра Қазиқызы, ғылыми-әдістемелік бөлімінің бас маманы.
Оқу кітапханалары мамандарының кәсіби біліктілігін көтеру мақсатында:

  • •    36-сағаттық біліктілікті көтеру курсын ұйымдастыру. Сертификат беріледі. («Курс бағдарламасы»)
  • •    Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ-дың ғылыми кітапхана базасы бойынша  тағылымдама өткізу; ( «Тағылымдамадан өту туралы ақпарат»)
  • •    кітапхананың қызметінің көкейкесті бағыттарына сәйкес семинар, тренингтер жүргізу;
  • •    кітапхананың өтінімі бойынша дәрістер, семинарлар өткізу;
  • •    авторлық зерттемелерге және әдістемелік құралдарға пікір дайындау;
  • •    кеңестер беру;
  • •    кәсіби тақырыптық сұраныстарды орындау;
  • •    кітапхана мамандарының сұраныстары бойынша әдебиеттерді іріктеу;
  • •    пайдалы кәсіби мәліметттердің электронды нұсқасын тарату; («Сілтемелер   тізімі»)

 

Бөлім басшысы: Дарибаева Гүлшат Ғабдоллақызы

Тел: +7 (7172) 70-95-00 (ішкі 36-204)

e-mail: daribaeva_gg@enu.kz

Жұмыс уақыты: сағат 09.00 - 18.00. (жұмыс күндері), сенбі  14.00-ге дейін.  
Әр айдың соңғы күні – тазалық күні