«Нейрографика әлемі» халықаралық көрмесі

Изображение: 

2019 жылдың 20 мамырында ғылыми кітапхананың коворкингінде «Нейрографика әлемі» атты  Халықаралық көрменің ашылу салтанаты өтті. Көрмеде NeuroArt стилінде салынған Ресей, Германия, Израиль, Түркия, Өзбекстан, Украина, Чехия, Швейцария және Қазақстан авторларының 52 суреті ұсынылды. Көремедегі жұмыстар авторларының барлығы  кәсіби суретшілер емес, өз жұмыстарын алғаш рет ұсынған нейрографикалық мамандар екені ерекше атап өтерлік жайт.  Аталмыш көрме Мәскеу, Санкт-Петербург, Нижний Новгород, Воронеж, Уфа, Краснодар, Ростов, Дон, Таганрог, Самара, Челябинск, Екатеринбург және Кемерово қалаларында бастау алып,  Қазақстанға да  келіп жетті. Елордадағы екі апталық экспозициядан кейін көрме Алматыға, сонан соң Өзбекстан, Түркия, Израильге және Еуропа Одағының елдерінде жалғасын таппақ.

Анықтама: Нейрографика - көркем графиканы, сонымен бірге өзімен жұмыс істеу технологиясын, өзінің тәжірибелері мен шектеулерін, мақсаттары мен міндеттерін біріктіретін патенттелген сурет техникасы. Бүгінде нейрографика бүкіл елдер мен халықтардың санасы мен жүректерін жаулап алуда. 37 елде 500 оқытушы, 1000 маман және 25 мыңнан астам адам нейрографикамен айналысуды таңдады!

Көрменің ашылу күнінде шығармашылық психология институтының нейрографтары Гульмира Сыздықова мен Альбина Дусталева «Даму ағашы» атты шеберлік сыныбын өткізді. Бұл - өмірдің барлық салаларындағы мақсаттарына қол жеткізуді оңтайландыру үшін пайдаланылатын нейрографикалық коучинг моделі. Шеберлік сыныптары Әлеуметтік ғылымдар факультетінің оқытушылары мен студенттері және кітапхананың өзге де пайдаланушылары қатысты. Халықаралық көрме осы жылдың 5 маусымына дейін жалғаспақ. Шара аясында 22, 29 мамыр және 5 маусым күндері нейрорафикалық әдістер туралы мастер-класстар өтеді. Басталуы сағат 18.00

Ұсынылған жұмыстармен танысуға және нейрографиканың әдісін меңгеруге барлықтарыңызды шақырамыз!