Кітапхана қоры

   Ғылыми кітапхананың қорында – 1,5 миллионнан астам университеттің оқу-білім мен ғылыми-зерттеу үдерісіне қажетті ғылым мен техниканың түрлі салаларына байланысты отандық және шетелдік басылымдар жинақталған.

 Жыл сайын кітапхана қорына баспа және электронды түрде ғылыми және оқу басылымдарының 50 мыңнан астам данасы келіп түседі. Кітапхана жылына 400 аталымға жуық қазақстандық және шетелдік газет-журналдарға жазылады. Кітапхана қорында Л.Н.Гумилев атындағы ЕҰУ профессор-оқытушылар құрамының монографиялары, оқулықтары мен оқу құралдары, диссертациялар, авторефераттар ұсынылған. Олардың ішінде С.Қасқабасов, Ж.Әбділдин, А.Сейдімбек және басқа да ғалымдардың еңбектерін ерекше атап өткен жөн. Сонымен қатар отандық және шетелдік ғалымдардың ғылыми басылымдары, оқулықтары мен оқу құралдары, мерзімді басылымдар, халықаралық және ұлттық конгресстердің, съездердің, конференциялардың, ғылыми институттар мен қоғамдастықтың еңбектері, диссертациялар мен авторефераттары, шетелдік журналдардағы мақалалардың аудармалары, анықтамалық басылымдар мен лингвистикалық сөздіктер кең түрде ұсынылған. Сондай-ақ, Еуразия кеңістігін зерттеуші көрнекті ғалым Лев Николаевич Гумилевтің еуразияшылдық тақырыбына жазылған еңбектері де бар.

   Кітапхана қоры «Мәдени мұра» мен «Әдебиеттің әлеуметтік маңызды түрлерін басып шығару» сияқты мемлекеттік бағдарламалар бойынша шыққан Қазақстанның тарихы және қазіргі кездегі дамуын сипаттайтын заманауи басылымдармен толығу үстінде.

 Отандық және шетелдік журналдар қоры оқырмандардың ерекше сұранысына ие. Оқырмандар үшін «Фолиант», «НұрПринт», «Экономика», «Эверо», «Бастау» және т.б. баспалардан шыққан кітаптарға қолжетімді.

  Ағылшын тілін меңгеруге, білімін жетілдіруге ниет білдіретін студенттер мен оқытушылар үшін American Corner Astana ресурстар орталығының басылымдар жинағы ұсынылады. Оқу үдерісіне қажетті оқулықтардың, оқу құралдарының, ғылыми еңбектердің сандық көшірмелерін қамтитын ENULIB электрондық кітапханасын әрбір оқырман пайдалана алады. Кітапханада оқу және ғылыми әдебиеттер арқылы электрондық қорды тұрақты түрде толықтырып отыру мақсаты жоспарлануда.

  Сапалы қордың маңыздылығы кітапханаға қолжетімділікті қамтамасыз етіп, бәсекеге қабілетті кадрларды дайындауға ықпал етеді.