Кітапханамен байланыс

Изображение: 

Филология факультеті шетел тілдері кафедрасы Д.Е.Сағымбаеваның басшылығымен оқу-әдістемелік әдебиеттердің жаңаруына баса назар аударады және де кітапханамен тығыз байланыста. Оқыту үдерісінде «Шетел тілі»,  «Кәсіби бағытталған шетел тілі» , «Шетел тілі(кәсіби)» пәндері бойынша оқу-әдістемелік кешенің құрастыру барысында  үлкен кітапхана қоры қолданылады.

Оқытушыларды ең жаңа материалдармен таңыстыру мақсатында Oxford University Press, Cambridge University Press, Macmillan, Pearson, Garnet, Collins ELT, Hachette, Hueber, Langenscheidt, Berlitz сияқты танымал баспалардың шет тілдеріндегі оқу әдебиеттерінің ең ірі жеткізушілері болып табылатын Inter Press, Express Publishing тәрізді жетекші компаниялармен жыл сайын кездесулер ұйымдастырылады. Кафедраның профессорлық-оқытушылық құрамы өздерінің қызығушылықтарын білдіре отырып, мамандықтар бағыты бойынша оқу құралдарын алу туралы ұсыныстарын айтты.

Ғылыми кітапхананың шетел әдебиеті абонементімен бірлестік аясында  кафедра «Медиатека ЕҰУ » (http://emedia.enu.kz) веб-қосымшасы арқылы студенттердің ШТ,КБШТ, ШТ (кәсіби) пәндері бойынша аудио/видео материалдарды қолдануына ықпал етеді. Осылайша, студенттер кітапхананың кітап және электронды қорына кез келген жерден (корпус, жатақхана, үй) еркін қол жеткізе алады. Ақпараттық-библиографиялық бөлімінің меңгерушісі А. М. Аржанованың жетекшілігімен Ғылыми кітапхананың қызметкерлері , оның ішінде шетелдік абоненттің қызметкерлері Н. Мурзахметов, және Маханова Р., деректер базасымен жұмыс істейтін мамандар Оразова Э. А, Шаяндина А. И, қызмет көрсету бөлімінің маманы Исаханова А. А кафедраның профессорлық-оқытушылық құрамының табысты жұмыс істеуіне және өзара іс-қимыл жасауына ықпал етуде.

Кафедраға кітапхананың ақпараттық-библиографиялық бөлімінің білікті мамандарын шақыру айнымас дәстүрге айналды. Олар толық көлемде кітапхана қызметі туралы ақпаратты, ПОҚ - ның ғылыми және кәсіби жұмысына қажетті құжаттары орналасқан  кітапхана интернет-сайтының "оқытушылар үшін" бөлімі туралы, кітапхананың электронды каталогындағы ақпаратты іздеу мүмкіндіктері мен "American Corner Astana"ақпараттық-ресурстық орталығының ресурстары мен қызметтері туралы ақпарат береді.

ЖОО-ның ПОҚ кітапхана ресурстары мен қызметтеріне қызығушылық танытуда және көптеген оқытушылар кітапхананың ақпараттық әлеуеті туралы танып білуде.Сондай-ақ, кафедраның профессор-оқытушылар құрамы ынтымақтастық жөнінде ұсыныстар айтты бұл, әрине ,кітапхананың кафедралармен байланысының нығайуына өз әсерін тигізеді.Бұл жерде тек қана оқытушылардың емес, сондай-ақ студенттердің де кітапханамен тығыз байланысын айта кетуге болады.

Кафедра оқытушылары студенттердің оқуға деген қызығушылығын арттыру және оларды Л.Н.Гумилев атындағы ЕҰУ ғылыми кітапханасының ресурстары мен мүмкіндіктері туралы ақпарттандыру мақсатында әртүрлі кафедра студенттерімен түрлі тематикалық іс-шараларды жиі өткізіп отырады.

Студенттердің көпшілігі кітапхананың ақпараттық әлеуеті туралы енді біліп, оның ресурстары мен қызметтеріне үлкен қызығушылықтарын танытуда. Студенттер үшін электрондық ресурстармен жұмыс істеу бойынша тренингтерді тәжірибеге енгізу туралы ұсыныстар енгізеді, себебі 21 ғасыр – бұл ақпарат ғасыры болғандықтан, оған, әсіресе студенттер мен оқытушылар үшін тұрақты қол жетімділіктің маңызы зор. Бүгінгі таңда ЕҰУ кітапхананың электронды каталогына ғана емес, халықаралық электронды ресурстар мен мәліметтер базасына да қолжетімділікті ұсынады.

 

Ақпарат сайтқа Шетел тілдері кафедрасының оқытушысы А.А.Дюсенгалиевамен берілді