Құрметті оқырмандар!

     Ғылыми кітапхана сіздерді 2019 жылдың 6 қарашасында сағат 14:00-де EBSCO халықаралық ақпараттық компаниясының «Университеттер мен ғылыми кітапханаларға арналған EBSCO электронды ресурстары мен қызметтері» атты оқыту семинарына қатысуға шақырады. Аталған семинарда оқу процесінде осы ресурстарды  пайдаланудың, зерттеу жұмыстарын жүргізудің және университеттік журналдардың EBSCO мәліметтер базасына енгізілуіне ықпал етудің негізгі мәселелері қарастырылады.
Семинарды ТМД-дағы EBSCO өкілі Илья Петухов жүргізеді.
Орналасқан жері: Пушкин к., 11, Ғылыми кітапхана, 3-қабат, 307 аудитория. Семинардың барлық қатысушыларына жеке сертификаттар жіберіледі.
     Семинарға қатысу үшін келесі мекен-жайға тіркелу керек: https://docs.google.com/forms/d/e/1FAIpQLSekE8IXRG-qgBnit6OhuRR2V0x_GxSq2m85sXO7crIFGtkSWw/viewform