Студенттерге

Абонементтердің (кітапты үйге алу) қызметін пайдалану үшін міндетті түрде өзіңізбен жеке басты куәландыратын құжат болу керек. Оқу залдарында жұмыс жасау үшін ЕҰУ-де оқып жатқандығын растайтын құжатын көрсетеді. Кітапханаға алғаш рет келген оқырман пайдалану ережелерімен танысуы керек.

 

Оқу залдарындағы оқулықтар мен басқа да құжаттар үйге берілмейді, тек сол жерде пайдаланылады. Оқырмандар еркін түрде ашық қордағы сөрелерден қалаған кітабын таңдап алады.

 

Абонементтен алынатын кітаптар берілімі шектелмеген. Сұранысты орындау барысында уақытты үнемдеу және қолайлы болу үшін оқырмандардан әдебиеттер тізімін жазбаша түрде беруін өтінеміз. Оқулықтар, оқу құралдары және басқа да басылымдар оқырманға бір данадан беріледі. Оқу жылының соңында кітапханадан алған барлық кітаптарды тапсыру керек.

 

Оқырман сұраған кітап кітапхана қорында жоқ болса абонементтер мен оқу залдары кафедраларына тапсырыс беруі қажет. Егер кітап қорда бар, бірақ аз дана болса, сандық көшірмесін жасауға тапсырыс беріледі. Сандық көшірмесі жасалған кітаптарды кітапхананың электронды каталогынан (https://catalog.enu.kz) іздеп, табылған өзіңіздің логин, паролыңізді қосу арқылы кіріп, пайдалануға болады.

 

Кітапхан кітабын жоғалтқан жағдайда немесе кітапқа жапсырылған штрих-код бүлінген жағдайда пайдаланушы басылымды нарықтық бағасына сай, бет көлемі және мазмұны сәйкес келетін, соңғы екі жылда шыққан басылыммен орнын толтыруға міндетті.

 

Оқырман ЕҰУ-дегі оқуын бітірген кезде кітапханадан алған барлық материалдар мен баспа басылымдарын кітапханаға міндетті түрде тапсыруы қажет. Кету парағын толтыру үшін ғылыми кітапхананың оқу абонементіне (Пушкин көшесі 11, каб.103, ішкі тел.36-103) келіп ақпарат алуына болады.
 

Бір томды басылымдар Автор. Тақырып: тақырыпқа байланысты мәлімет (титулдық бетті қара) / жауаптылар туралы мәлімет (авторлар); кейінгі жауаптылар туралы мәлімет (редакторлар, аудармашылар, ұжымдар).– Басылым туралы мәлімет (қайта басылғаны туралы мәлімет, басылым нөмірі). – Басылған жері: Баспа, Басылған жылы. – Көлемі. – (Серия). Мысалдар: Егер басылымның бір авторы болса, сипаттама автордың тегі мен аты-жөнінің бастапқы әріптерінен басталады. Кейін нүкте «.» арқылы тақырыбы жазылады. Тақырыптан кейін қисық сызық «/» арқылы жауапты туралы мәлімет ретінде автордың аты-жөні қайталанады. Аканова, Ж.Ж. Өнімді сынау, бақылау және қауіпсіздігі [Текст]: оқу құралы / Ж.Ж. Аканова. – Алматы: Экономика, 2016. –288 б. – (Университеттік білім). Егер басылымның екі авторы болса, сипаттама бірінші автордың тегі мен аты-жөнінің бастапқы әріптерінен басталады. Тақырыптан кейін қисық сызық «/» арқылы бірніші автор одан кейін үтір (,) арқылы екінші автор көрсетіледі. Елубаев, С.Е. Гиперболалық және параболалық теңдеулер үшін кейбір кері есептер [Текст]: монография / С.Е. Елубаев, Т.Б. Ділман. –3-бас. –Алматы: Эверо, 2016. –182 б. Егер басылымның үш авторы болса, сипаттама бірінші автордың тегі мен аты-жөнінің бастапқы әріптерінен басталады. Тақырыптан кейін қисық сызық «/» арқылы бірніші автор одан кейін үтір (,) арқылы екінші және үшінші авторлар көрсетіледі. Елемес, Д.Е. Шиыршықты вибрациялы жіктегіштер [Текст]: монография / Д.Е. Елемес, А.В. Вавилов, Н.Т. Сурашов. –Алматы: Эверо, 2015. –167 б. Егер басылымның төрт авторы болса, сипаттама тақырыптан атауынан басталады. Тақырыптан кейін қисық сызық «/» арқылы барлық авторлардың аты-жөні көрсетіледі. Атыс дайындығы [Текст]: оқу құралы / А.К. Демеуов, Ж. Садирмекова, А.К. Бекбосунов, С. Елубаев. –Алматы: Эверо, 2016. –191 б. Егер басылымның бес немесе одан көп авторлары болса, сипаттама тақырыптың атауынан басталады. Тақырыптан кейін қисық сызық «/» арқылы үш автордың аты-жөні және т.б. деп көрсетіледі. Геронтология және гериатрия [Текст]: оқу құралы / Э.Қ. Бекмурзаева, А.А. Сейдахметова, Ф.М. Сейдалиева және т.б. – Қарағанды: Medet Group, 2016. –183 б. Егер басылымның бір немесе бірнеше авторлары болса, сондай-ақ редакторлары, құрастырушылары, аудармашылары және т.б. көрсетілсе, олар туралы ақпарат жауаптылар туралы мәлімет жолағында барлық авторлардан кейін, нүктелі үтір «;» арқылы көрсетіледі. Фейзиев, Д. Түркі мемлекеттерінің одағы [Текст]: жаһандық ықпалдастықтың Еуразиялық үлгісі / Д. Фейзиев; ред. Ф. Исмайлов; ауд. Ә. Сейідов. – Астана: Ғылым, 2016. –312 б. Егер басылымның авторы болмаса, бірақ редакторлары, құрастырушылары мен аудармашылары болса, сипаттама тақырыптың атауынан басталады. Тақырыптан кейін қисық сызық «/» арқылы редакторлар, құрастырушылар мен аудармашылардың аты-жөндері көрсетіледі. Қазақ-қытай сөздігі [Текст] / құраст. Ж.Е. Оспанова. – Астана: Руханият, 2015. – 157 б. Егер басылымның авторалары, редакторлары мен құрастырушылары болмаса, онда тақырыптан кейін нүкте, сызықша «.–» арқылы басылым туралы мәлімет көрсетіледі. Исламдық қаржы туралы [Текст]. – Алматы: Қазақ университетi, 2015. – 58 б. Көптомдық басылымдар Автор. Басылымның тақырыбы: тақырыпқа байланысты мәлімет (титулдық бетті қара) / Жауаптылар туралы мәлімет (авторлар); кейінгі жауаптылар туралы мәлімет (редакторлар, аудармашылар, ұжымдар). – Басылған жері: Баспа, алғашқы басылған жылы – соңғы басылған жылы.– (Серия). Том нөмірі және белгіленуі: Томның тақырыбы: тақырыпқа байланысты мәлімет. – Томның басылған жылы. – Көлемі. Том нөмірі және белгіленуі: Томның тақырыбы: тақырыпқа байланысты мәлімет. – Томның басылған жылы. – Көлемі. және т.б. немесе: Автор. Басылымның тақырыбы: тақырыпқа байланысты мәлімет (титулдық бетті қара) / Жауаптылар туралы мәлімет (авторлар); кейінгі жауаптылар туралы мәлімет (редакторлар, аудармашылар, ұжымдар). – Басылған жері: Баспа, алғашқы басылған жылы – соңғы басылған жылы. – Том саны. – (Серия). Мысалдар: Дәуренбек, Н.М. Химмотология [Текст]: оқу құралы: 2-бөлімдік / Н.М. Дәуренбек. – Алматы: Эпиграф, 2016. 1-бөлім: Отындардың пайдалану қасиеттері. – 334 б. 2-бөлім: Жағар материалдар мен арнайы сұйықтықтардың пайдалану қасиеттері. – 169 б. немесе: Дәуренбек, Н.М. Химмотология [Текст]: оқу құралы: 2-бөлімдік / Н.М. Дәуренбек. – Алматы: Эпиграф, 2016. – 2 бөлім. Диссертациялар Автор. Тақырып: тақырыпқа байланысты мәлімет (титулдық бетті қара): ғылыми қызметкердің мамандық номенклатурасының шифрі : қорғалған мерзімі / жауаптылар туралы мәлімет (автор); кейінгі жауаптылар туралы мәлімет (ұжым). – Жазылған жері, Жазылған мерзімі. – Көлемі. Мысал: Абикенова, Г.Т. Көркем мәтінтүзуші мағыналық-құрылымдық бірліктердің теориялық негіздері [Текст]: филол. ғыл. д-ры дис.: 10.02.02 : қорғалған 05.10.10 / Абикенова Гульнат Токеновна; Әл-Фараби атын. Қаз. ұлттық ун-ті. – Алматы, 2010. – 257 б. Диссертацияның авторефераты Автор. Тақырып: тақырыпқа байланысты мәлімет (титулдық бетті қара): ғылыми қызметкердің мамандық номенклатурасының шифрі / жауаптылар туралы мәлімет (ұжым). – Жазылған жері, Жазылған мерзімі. – Көлемі. Мысал: Акынбекова, Д.Н. Ауылдық елді мекендердің дамуына көші-қонның әсер ету үдерісін басқару (Жамбыл облысы мысалында) [Текст]: экон. ғыл. канд. ғыл. дәр. алу үшін дайынд. дис. автореф.: 08.00.05 / Акынбекова Динара Нургалиевна; Қаз. ұлттық аграр. ун-ті. – Түркістан, 2009. – 29 с. Электрондық ресурстар Локальдік қолжетімді электрондық ресурс (CD) Автор. Тақырып [Электронный ресурс]: тақырыпқа байланысты мәлімет / жауаптылар туралы мәлімет (авторлар); кейінгі жауаптылар туралы мәлімет (редакторлар, аудармашылар, ұжымдар). – Ресурстың түрінің белгісі («электрон. дан.» немесе «электрон. прогр.»). – Басылған жері: Баспа, Басылған жылы. – Материалдың белгіленуі және физикалық бірліктерінің саны. – (Серия). Мысал: Аралбаева, А.А. Қазақстан Республикасындағы қаржылық қатынастарды құқықтық реттеу [Электронный ресурс]: электрондық оқу құралы / А.А. Аралбаева. – Электрон. дан. – Алматы: Экономика, 2015. – 1 электрон. опт. диск (CD-ROM). Электрондық ресурс (Internet) Автор. Тақырып [Электронный ресурс]: тақырыпқа байланысты мәлімет / жауаптылар туралы мәлімет (авторлар); кейінгі жауаптылар туралы мәлімет (редакторлар, аудармашылар, ұжымдар). – Ресурстың түрінің белгісі («электрон. текстовые дан.»). – Қол жеткізу режимі: URL. – Сұралған мерзімі. Мысал: Молдахметов, З.М. Экология негіздері [Электронный ресурс] / З.М. Молдахметов, А.М. Ғазалиев, С.Д. Фазылов. – Электрон. текстовые дан. – Режим доступа: http://library.psu.kz/fulltext/transactions/556_moldahmetov_z.m._gazaliev_a.m._fazilov_s.d._ekologiya_negizderi_okhulikh.pdf. – Дата обращения: 08.09.2016. Құжаттардың құрастырмалы бөлімдері Мақала туралы мәлімет // Мақаланың қайнар көзі туралы мәлімет. – Құжаттағы мақаланың орналасуы туралы мәлімет. Кітаптың бөлімі, параграфы Автор. Бөлімнің тақырыбы (параграфтың) // Кітаптың тақырыбы: тақырыпқа байланысты мәлімет / жауаптылар туралы мәлімет (кітаптың авторлары). – Басылған жері: Баспа, басылған жылы. – Бөлімнің нөмірі (параграфтың). – Бөлімнің орналасуы (параграфтың). Мысалдар: Ермағанбетов Қ. Электрмагнит тізбегі [Текст] // Электртехника және электроника негіздері: оқулық / Қ. Ермағанбетов. – Астана: Фолиант, 2016. – 7-тарау. – Б. 489-545. Исаев С.М. Сөздерді фонетикалық талдаудың тәртібі [Текст] // Қазақ тілі / С.М. Исаев. – Алматы: Өнер, 2013. – § 18. – Б. 23-24. Жинақтың мақаласы Автор. Мақаланың тақырыбы: тақырыпқа байланысты мәлімет / жауаптылар туралы мәлімет (мақаланың авторлары) // Жинақтың тақырыбы: тақырыпқа байланысты мәлімет.– Басылған жері: Баспа, басылған жылы. – Мақаланың орналасуы (беттері). Мысал: Қожа, М.Б. Қазақ хандарынан қалған ту мен қылыш хақында [Текст] / М.Б. Қожа // Военное дело кочевников Казахстана и сопредельных стран эпохи средневековья и нового времени: сб. науч. ст. – Астана, 2013. – Б. 154-157. Конференция материалдарының мақаласы Мысал: Байтасов, Т.М. Қазақстандағы цемент өндірісінің негізгі проблеммалары мен даму болашағы/ Т.М. Байтасов, Е.Н. Абаканов // Құрылыс, сәулет және көлік: жағдайы және даму болашақтары: Л.Н. Гумилев атын. Еуразия ұлттық ун-нің 15 ж. арн. Респ. ғыл.-практ. конф., 13-14 мамыр 2011 ж. – Астана: Л.Н. Гумилев атын. ЕҰУ басп., 2011. – Б. 159-161. Журнал мақаласы Автор. Мақаланың тақырыбы: тақырыпқа байланысты мәлімет / жауаптылар туралы мәлімет (мақаланың авторлары) // Журналдың атауы. – Басылып шыққан жылы. – Шығарылым нөмірі. – Мақаланың орналасуы (беттері). Мысал: Абдуова, Б. Мезгіл мәнді тұрақты тіркестердің мағыналық ерекшеліктері [Текст] / Б. Абдуова // Қазақ тілі мен әдебиеті. – 2010. – № 5. – Б. 61-69. Газет мақаласы Автор. Мақаланың тақырыбы: тақырыпқа байланысты мәлімет / жауаптылар туралы мәлімет (мақаланың авторлары) // Газеттің атауы. – Басылып шыққан жылы. – Шығарылым мерзімі мен айы. – Мақаланың орналасуы (беттері). Мысал: Абдрахманов, С. Шанаққала [Текст] / С. Абдрахманов // Егемен Қазақстан. – Астана, 2015. – 16 сәуір. – Б. 5.