пайдалы ақпарат

Кітапхана оқырмандары үшін орыс және шет тіліндегі толықмәтінді, реферативтік және библиометриялық деректер базасына қолжетімділік қамтамасыз етілген. Деректер базасының толық тізімін кітапхана сайтының «Электронды ресурстар» бөлімінен көре аласыздар. Ресей мемлекеттік кітапханасының диссертациялар қорынан (ЭДҚ РМК-дан) басқа барлық деректер базасын ЕҰУ-дың аумағында пайдалануға болады. ЭДҚ РМК-ны мерзімді басылымдар залында (УЛК, 412 каб. және электронды ресурстар залы Пушкина, 11 каб.304) пайдалануға және материалдарын басып шығаруға болады. Материалдарды басып шығару қызметі – ақылы. Кітапхана қызметкерлері деректер базасын пайдалану бойынша жеке кеңестер береді, сондай-ақ қосымша тренингтер, семинарлар өткізуге әрдайым дайын. Семинар мен тренингтер бойынша тапсырысты 36-107, 36-101, 36-304, 32-408, 36-204 телефон нөмірлері арқылы беруге болады.



Автор өз жұмысын (мақалалар, жарияланымдар және басқа да еңбектер) жариялау үшін классификациялық жіктеу индексі қойылады. Бұл Әмбебап ондық жіктеу (ӘОЖ) және Кітапханалық-библиографиялық жіктеу (КБЖ) индексі жұмыстың тақырыптық саласын анықтайды.

Классификациялық жіктеу басылымдарды ғылым салаларына орай жүйелеуде кеңінен қолданылады.

Көптеген ғылыми журналдар мақаланы, жарияланымдар мен басқа да еңбектерді жариялау үшін ӘОЖ/КБЖ индексі талап етіледі.

Автор өз жұмысына ӘОЖ/КБЖ индекстерін алу үшін ғылыми кітапхананың ақпараттық-библиография бөліміне хабарласа алады. Қызмет көрсету ақылы.

Жұмыс уақыты: 9.00-18.00, сенбі 14.00.

Айдың соңғы күні – тазалық күні.

Оқу-зертханалық ғимараты. 4 қабат. 406 каб. тел. 32-408.



Web of Science реферативті деректер базасымен ұсынылған EndNote бағдарламасы ақпарат іздеуде уақыт үнемдеуге, ақпараттарды түзетуге, тексеруге және пайдаланылған әдебиеттер тізімін жасауға мүмкіндік береді. Интернет желісінде EndNote-ты пайдалану бойынша базалық семинарлар ұсынылған: «EndNote online - базалық мүмкіндіктер», «EndNote бағдарламасында библиографиялық тізіммен жұмыс істеу»



Библиографиялық тізім – ізденушінің ғылыми жұмысында пайдаланған деректемелерінің библиографиялық сипаттамасы және қорытынды бөлімінен соң берілетін библиографиялық аппараттың міндетті элементі. Ғылыми жұмыстың мәтінінде дереккөздерге сілтемелер жасалған жағдайда ғана тізімде беріледі.

Тізімге келесідей тақырып нұсқалары ұсынылады:

1. пайдаланылған әдебиеттер тізімі;

2. пайдаланылған дереккөздер және әдебиеттер тізімі;

3. библиографиялық тізім;

4. библиография.

Библиографиялық тізім жасаудың көбіне үш түрі қолданылады:

Алфавиттік – библиографиялық сипаттама авторларлардың және (егер автордың фамилиясы (тегі) көрсетілмесе немесе авторлардың саны төрттен көп болса) мақаланың тақырыбы бойынша алфавит ретімен орналастырылады. Бір автордың еңбегін, оның еңбегінің атауының алфавиті бойынша, бір фамилиядағы авторлардың еңбектерін – аты-жөнінің әріптері алфавиттік жүйеде орналастырады. Бір тізімде әртүрлі алфавиттерді араластыруға болмайды. Шетелдік дереккөздерді жазбаша жұмыс жазылған тілдегі барлық дереккөздердің тізімінен кейін жазады.


Хронологиялық – бұл материал жарияланған жылдары бойынша, әрбір жылда - кітаптың авторы немесе аты алфавит бойынша орналастырылады. Хронологиялық реті қандай да бір мәселені зерттеу тарихын көрсетуге мүмкіндік береді.


Жүйелік – библиографиялық сипаттама білім салалары, жекелеген мәселелер, жекелеген рубрикалардың логикалық сәйкестігі тақырыптар бойынша орналастырылады. Жүйелік бөлімдерді қолжазбаның тарауларына немесе тақырыптың маңызды мәселелеріне сәйкес орналастырған жөн. Жалпы тақырыпқа қатысты жалпы сипаттағы әдебиетті ерекше тарауға жатқызған дұрыс.

Пайдаланылған әдебиеттердің барлық бибиографиялық тізімдерінде реттік нөмірлеу қолданылады. Рефераттар, бақылау, курстық және дипломдық жұмыстар мен басқа да ғылыми жұмыстарға пайдаланылған әдебиеттер тізімі «Ақпарат, кітапхана және баспа ісі бойынша стандарттар жүйесінің» халықаралық стандарттарына сәйкес жасалады. Библиографиялық тізім жасауды реттейтін негізгі Мемлекеттік стандарттар болып:

  1. МемСТ 7.1-2003. Библиографиялық жазба. Библиографиялық сипаттама. Жалпы талаптары мен ережелері;
  2. МемСТ 7.80-2000. Библиографиялық жазба. Тақырып. Жалпы талаптары мен ережелері;
  3. МемСТ 7.82-2001. Библиографиялық жазба. Электронды ресурстарды библиографиялық сипаттау. Жалпы талаптары мен ережелері;
  4. МемСТ 7.11-2004. Библиографиялық жазба. Шетелдік, еуропалық тілдерде сөз тіркестері мен сөздерді қысқарту;
  5. МемСТ Р 7.0.12-2011. Библиографиялық жазба. Орыс тіліндегі сөз тіркестері мен сөздерді қысқарту;
  6. МемСТ Р 7.0.5-2008 Библиографиялық сілтемелер. Жалпы талаптары мен ережелері.


Бір томды басылымдар

Автор. Тақырып: тақырыпқа байланысты мәлімет (титулдық бетті қара) / жауаптылар туралы мәлімет (авторлар); кейінгі жауаптылар туралы мәлімет (редакторлар, аудармашылар, ұжымдар).– Басылым туралы мәлімет (қайта басылғаны туралы мәлімет, басылым нөмірі). – Басылған жері: Баспа, Басылған жылы. – Көлемі. – (Серия).

Мысалдар:

Егер басылымның бір авторы болса, сипаттама автордың тегі мен аты-жөнінің бастапқы әріптерінен басталады. Кейін нүкте «.»  арқылы тақырыбы жазылады. Тақырыптан кейін қисық сызық «/» арқылы жауапты туралы мәлімет ретінде автордың аты-жөні қайталанады.

Аканова, Ж.Ж. Өнімді сынау, бақылау және қауіпсіздігі [Текст]: оқу құралы / Ж.Ж. Аканова. – Алматы: Экономика, 2016. –288 б. – (Университеттік білім).
Егер басылымның екі авторы болса, сипаттама бірінші автордың тегі мен аты-жөнінің бастапқы әріптерінен басталады. Тақырыптан кейін қисық сызық «/» арқылы бірніші автор одан кейін үтір (,) арқылы екінші автор көрсетіледі. 

Елубаев, С.Е. Гиперболалық және параболалық теңдеулер үшін кейбір кері есептер [Текст]: монография / С.Е. Елубаев, Т.Б. Ділман. –3-бас. –Алматы: Эверо, 2016. –182 б.
Егер басылымның үш авторы болса, сипаттама бірінші автордың тегі мен аты-жөнінің бастапқы әріптерінен басталады. Тақырыптан кейін қисық сызық «/» арқылы бірніші автор одан кейін үтір (,) арқылы екінші және үшінші  авторлар көрсетіледі. 

Елемес, Д.Е. Шиыршықты вибрациялы жіктегіштер [Текст]: монография / Д.Е. Елемес, А.В. Вавилов, Н.Т. Сурашов. –Алматы: Эверо, 2015. –167 б.
Егер басылымның төрт авторы болса, сипаттама тақырыптан атауынан басталады. Тақырыптан кейін қисық сызық «/» арқылы барлық авторлардың аты-жөні көрсетіледі. 

Атыс дайындығы [Текст]: оқу құралы / А.К. Демеуов, Ж. Садирмекова, А.К. Бекбосунов, С. Елубаев. –Алматы: Эверо, 2016. –191 б.
Егер басылымның бес немесе одан көп авторлары болса, сипаттама тақырыптың атауынан басталады. Тақырыптан кейін қисық сызық «/» арқылы үш автордың аты-жөні және т.б. деп көрсетіледі.

Геронтология және гериатрия [Текст]: оқу құралы / Э.Қ. Бекмурзаева, А.А. Сейдахметова, Ф.М. Сейдалиева және т.б. – Қарағанды: Medet Group, 2016. –183 б.
Егер басылымның бір немесе бірнеше авторлары болса, сондай-ақ редакторлары, құрастырушылары, аудармашылары және т.б. көрсетілсе, олар туралы ақпарат  жауаптылар туралы мәлімет жолағында барлық авторлардан кейін, нүктелі үтір «;» арқылы көрсетіледі.

Фейзиев, Д. Түркі мемлекеттерінің одағы [Текст]: жаһандық ықпалдастықтың Еуразиялық үлгісі / Д. Фейзиев; ред. Ф. Исмайлов; ауд. Ә. Сейідов. – Астана: Ғылым, 2016. –312 б.
Егер басылымның авторы болмаса, бірақ редакторлары, құрастырушылары мен аудармашылары болса, сипаттама тақырыптың атауынан басталады. Тақырыптан кейін қисық сызық «/» арқылы редакторлар, құрастырушылар мен аудармашылардың аты-жөндері көрсетіледі. 

Қазақ-қытай сөздігі [Текст] / құраст. Ж.Е. Оспанова. – Астана: Руханият, 2015. – 157 б.
Егер басылымның авторалары, редакторлары мен құрастырушылары болмаса, онда тақырыптан кейін нүкте, сызықша «.–» арқылы басылым туралы мәлімет көрсетіледі. 

Исламдық қаржы туралы [Текст]. – Алматы: Қазақ университетi, 2015. – 58 б.

Көптомдық басылымдар

Автор. Басылымның тақырыбы: тақырыпқа байланысты мәлімет (титулдық бетті қара) / Жауаптылар туралы мәлімет (авторлар); кейінгі жауаптылар туралы мәлімет (редакторлар, аудармашылар, ұжымдар). – Басылған жері: Баспа, алғашқы басылған жылы – соңғы басылған жылы.– (Серия).

Том нөмірі және белгіленуі: Томның тақырыбы: тақырыпқа байланысты мәлімет. – Томның басылған жылы. – Көлемі.

Том нөмірі және белгіленуі: Томның тақырыбы: тақырыпқа байланысты мәлімет. – Томның басылған жылы. – Көлемі. және т.б.


немесе:

Автор. Басылымның тақырыбы: тақырыпқа байланысты мәлімет (титулдық бетті қара) / Жауаптылар туралы мәлімет (авторлар); кейінгі жауаптылар туралы мәлімет (редакторлар, аудармашылар, ұжымдар). – Басылған жері: Баспа, алғашқы басылған жылы – соңғы басылған жылы. – Том саны. – (Серия).


Мысалдар:

Дәуренбек, Н.М. Химмотология [Текст]: оқу құралы: 2-бөлімдік / Н.М. Дәуренбек. – Алматы: Эпиграф, 2016.

1-бөлім: Отындардың пайдалану қасиеттері. – 334 б.

2-бөлім: Жағар материалдар мен арнайы сұйықтықтардың пайдалану қасиеттері. – 169 б.


немесе:

Дәуренбек, Н.М. Химмотология [Текст]: оқу құралы: 2-бөлімдік / Н.М. Дәуренбек. – Алматы: Эпиграф, 2016. – 2 бөлім.


Диссертациялар

Автор. Тақырып: тақырыпқа байланысты мәлімет (титулдық бетті қара): ғылыми қызметкердің мамандық номенклатурасының шифрі : қорғалған мерзімі / жауаптылар туралы мәлімет (автор); кейінгі жауаптылар туралы мәлімет (ұжым). – Жазылған жері, Жазылған мерзімі. – Көлемі.

Мысал:

Абикенова, Г.Т. Көркем мәтінтүзуші мағыналық-құрылымдық бірліктердің теориялық негіздері [Текст]: филол. ғыл. д-ры дис.: 10.02.02 : қорғалған 05.10.10 / Абикенова Гульнат Токеновна; Әл-Фараби атын. Қаз. ұлттық ун-ті. – Алматы, 2010. – 257 б.


Диссертацияның авторефераты

Автор. Тақырып: тақырыпқа байланысты мәлімет (титулдық бетті қара): ғылыми қызметкердің мамандық номенклатурасының шифрі / жауаптылар туралы мәлімет (ұжым). – Жазылған жері, Жазылған мерзімі. – Көлемі.

Мысал:

Акынбекова, Д.Н. Ауылдық елді мекендердің дамуына көші-қонның әсер ету үдерісін басқару (Жамбыл облысы мысалында) [Текст]: экон. ғыл. канд. ғыл. дәр. алу үшін дайынд. дис. автореф.: 08.00.05 / Акынбекова Динара Нургалиевна; Қаз. ұлттық аграр. ун-ті. – Түркістан, 2009. – 29 с.


Электрондық ресурстар

Локальдік қолжетімді электрондық ресурс (CD)

Автор. Тақырып [Электронный ресурс]: тақырыпқа байланысты мәлімет / жауаптылар туралы мәлімет (авторлар); кейінгі жауаптылар туралы мәлімет (редакторлар, аудармашылар, ұжымдар). – Ресурстың түрінің белгісі («электрон. дан.» немесе «электрон. прогр.»). – Басылған жері: Баспа, Басылған жылы. – Материалдың белгіленуі және физикалық бірліктерінің саны. – (Серия).

Мысал:

Аралбаева, А.А. Қазақстан Республикасындағы қаржылық қатынастарды құқықтық реттеу [Электронный ресурс]: электрондық оқу құралы / А.А. Аралбаева. – Электрон. дан. – Алматы: Экономика, 2015. – 1 электрон. опт. диск (CD-ROM).


Электрондық ресурс (Internet)

Автор. Тақырып [Электронный ресурс]: тақырыпқа байланысты мәлімет / жауаптылар туралы мәлімет (авторлар); кейінгі жауаптылар туралы мәлімет (редакторлар, аудармашылар, ұжымдар). – Ресурстың түрінің белгісі («электрон. текстовые дан.»). – Қол жеткізу режимі: URL. – Сұралған мерзімі.

Мысал:

Молдахметов, З.М. Экология негіздері [Электронный ресурс] / З.М. Молдахметов, А.М. Ғазалиев, С.Д. Фазылов. – Электрон. текстовые дан. – Режим доступа: http://library.psu.kz/fulltext/transactions/556_moldahmetov_z.m._gazaliev_a.m._fazilov_s.d._ekologiya_negizderi_okhulikh.pdf. – Дата обращения: 08.09.2016.


Құжаттардың құрастырмалы бөлімдері

Мақала туралы мәлімет // Мақаланың қайнар көзі туралы мәлімет. – Құжаттағы мақаланың орналасуы туралы мәлімет.


Кітаптың бөлімі, параграфы

Автор. Бөлімнің тақырыбы (параграфтың) // Кітаптың тақырыбы: тақырыпқа байланысты мәлімет / жауаптылар туралы мәлімет (кітаптың авторлары). – Басылған жері: Баспа, басылған жылы. – Бөлімнің нөмірі (параграфтың). – Бөлімнің орналасуы (параграфтың).

Мысалдар:

Ермағанбетов Қ. Электрмагнит тізбегі [Текст] // Электртехника және электроника негіздері: оқулық / Қ. Ермағанбетов. – Астана: Фолиант, 2016. – 7-тарау. – Б. 489-545.

Исаев С.М. Сөздерді фонетикалық талдаудың тәртібі [Текст] // Қазақ тілі / С.М. Исаев. – Алматы: Өнер, 2013. – § 18. – Б. 23-24.


Жинақтың мақаласы

Автор. Мақаланың тақырыбы: тақырыпқа байланысты мәлімет / жауаптылар туралы мәлімет (мақаланың авторлары) // Жинақтың тақырыбы: тақырыпқа байланысты мәлімет.– Басылған жері: Баспа, басылған жылы. – Мақаланың орналасуы (беттері).

Мысал:

Қожа, М.Б. Қазақ хандарынан қалған ту мен қылыш хақында [Текст] / М.Б. Қожа // Военное дело кочевников Казахстана и сопредельных стран эпохи средневековья и нового времени: сб. науч. ст. – Астана, 2013. – Б. 154-157.


Конференция материалдарының мақаласы

Мысал:

Байтасов, Т.М. Қазақстандағы цемент өндірісінің негізгі проблеммалары мен даму болашағы/ Т.М. Байтасов, Е.Н. Абаканов // Құрылыс, сәулет және көлік: жағдайы және даму болашақтары: Л.Н. Гумилев атын. Еуразия ұлттық ун-нің 15 ж. арн. Респ. ғыл.-практ. конф., 13-14 мамыр 2011 ж. – Астана: Л.Н. Гумилев атын. ЕҰУ басп., 2011. – Б. 159-161.


Журнал мақаласы

Автор. Мақаланың тақырыбы: тақырыпқа байланысты мәлімет / жауаптылар туралы мәлімет (мақаланың авторлары) // Журналдың атауы. – Басылып шыққан жылы. – Шығарылым нөмірі. – Мақаланың орналасуы (беттері).

Мысал:

Абдуова, Б. Мезгіл мәнді тұрақты тіркестердің мағыналық ерекшеліктері [Текст] / Б. Абдуова // Қазақ тілі мен әдебиеті. – 2010. – № 5. – Б. 61-69.


Газет мақаласы

Автор. Мақаланың тақырыбы: тақырыпқа байланысты мәлімет / жауаптылар туралы мәлімет (мақаланың авторлары) // Газеттің атауы. – Басылып шыққан жылы. – Шығарылым мерзімі мен айы. – Мақаланың орналасуы (беттері).

Мысал:

Абдрахманов, С. Шанаққала [Текст] / С. Абдрахманов // Егемен Қазақстан. – Астана, 2015. – 16 сәуір. – Б. 5.