Кітаптарға қалай тапсырыс беріледі?

Тапсырыс берер алдын  басылымдардың кітапхана қорында бар-жоғын электронды каталогтан (https://catalog.enu.kz) тексеру қажет.

Кітаптарға тапсырыс «Құжаттарды толықтыру және өңдеу бөлімінде» немесе e-mail: alpeisova_bk@enu.kz электронды поштасына сканерленген түрде қабылданады (Пушкин к. 11, кітапхананың бас ғимараты, 109-каб.,тел. 8(7172) 70-95-00, ішкі тел. 36-109) Тапсырыс (жүктеу) Л.Н.Гумилев атындағы ЕҰУ ректорының атына жазылады, кафедра меңгерушісінің немесе факультет деканының қолы қойылады. Кітаптың авторы, аты, ISBN, баспасы, баспадан шыққан жылы, қажетті данасының саны, бағасы, пәні және студенттер құрамы көрсетіледі.