Толық қолжетімді

«Эпиграф»  деректер қоры  - ҚР жоғары оқу орындарын отандық "ЭВЕРО" баспасы шығарған оқулықтар және оқу құралдарымен қамтамасыз ететін ресурс. Басылымдар қазақ, орыс және ағылшын тілдерінде толық мәтінді іздеу мүмкіндігімен ұсынылған.


«Эпиграф»  электрондық оқулығы  - ҚР жетекші мамандары мен оқытушыларының мультимедиялық оқу басылымдары. Оқулықтар ҚР мемлекеттік бағдарламалары мен стандарттарына сәйкес жасалған және мемлекеттік мекемелермен аккредитацияланған; бейне-лекциялармен, жоғары сапалы иллюстрациялармен (соның ішінде 3D форматында), схемалар, графиктер және бақылау тесттерімен қамтылған.


«Аknur рrеss» сандық  кітапханасы – ҚР  жоғары оқу орындарының оқулықтары мен оқу құралдарынан тұратын 3 тілдегі деректер қоры (1000 нан астам аталым). Контенті күнделікті жаңартылады. Техникалық қолдау және байланыс орталығы 24/7.


ЭБС Лань – ЖОО-на профилдік бағыттағы қажетті оқулық және ғылыми әдебиеттермен қамтамасыз ету мақсатында құрылған ресурс. Құрамында «Лань» баспасының электрондық оқулықтарымен қоса басқа да баспалардың толық нұсқадағы оқулықтарына қолжетімді.


ЭБС «Университетская библиотека онлайн» — жетекші ресей баспаларының білімдерінің барлық салалары бойынша оқу және ғылыми әдебиеттердің ең танымал материалдарына ЖОО-ның қолжетімділігін қамтамасыз ететін заманауи білім беру платформасы. Ресурс білімнің барлық салаларында 100 000-нан астам басылымдарға қол жеткізуге мүмкіндік береді. Құрамында оқулықтар, оқу құралдары, монографиялар, мерзімді басылымдар, анықтамалық кітаптар, сөздіктер, энциклопедиялар, бейне және аудио материалдар, өнер туралы көрнекі басылымдар, көркем және нон-фикшн әдебиеттер бар.


ЭБС IPRbooks – оқу және ғылыми әдебиеттер, мерзімдік басылымдар, аудиокітаптар, видеокурстар, онлайн-тесттерді құрайтын ресурс. Қазіргі күні платформада 118 мыңнан астам жарияланым бар.


 ЭБС Znanium.com - онлайн режимде көптеген оқу және ғылыми жұмыстарға қол жеткізуге мүмкіндік береді. Электронды кітапхана жүйесінің негізгі қорында соңғы бес жылда 15 606 оқулық пен оқу құралдары бар. Discovery Znanium модулі арқылы пайдаланушылар өз әдебиетінен басқа интернет желісіндегі ашық қолжетімділіктің ірі ресурстарынан екі миллионнан астам құжаттармен жұмыс жасай алады: ЖОО репозиторийлері мен ЭКЖ, шетелдік баспалардың дерек қорлары,мамандырылған ғылыми және білім беру ресурстары. Бұл модульде, сондай-ақ көшірме мәтіндерге тексеру жүргізуге, жарияланымдық белсенділікке  және мәтіннің ғылымилығына талдау жасауға мүмкіндік береді. Жаңа модуль Znanium Энциклопедиясы беделді, өзекті анықтамалық басылымдарды іздеуді қамтамасыз ететін бірегей анықтамалық портал болып табылады.


ДБ East View  — Ресей және ТМД елдерінің мерзімді басылымдары, Хабаршы және ғылыми журналдардың электронды түрдегі толық мәтінін оқуға болады. 


ЭБ «Grebennikon»-  «Гребенников» баспа үйі шығаратын төрт негізгі бағыт (маркетинг, менеджмент, қаржылық менеджмент, персоналды басқару) бойынша 30 мамандандырылған журналдардағы мақалалардың деректер базасы. Журналдардың басым бөлігі ВАК құрамына кіреді. Elsevier, Emerald, Harvard Business Review, Swedish Scholl of Economics, University of Chicago Press, Американдық маркетинг қауымдастығы, Берлин МВА, Маркетинг ғылым академиясы сияқты танымал баспалардың, компаниялардың, оқу орындарының рұқсатымен тәжірибелік маңызы зор мәліметтері ұсынылған. 250 тақырып бойынша ыңғайлы пәндік айдары бар.


IEEE Xplore - әлемдегі ең ірі IEEE (Электротехника және электроника инженерлері институты) кәсіби-техникалық қауымдастығының сандық кітапханасы.


Polpred - БАҚ-қа шолу — соңғы 15 жылдағы БАҚ-тың жарияланымдар архивін ұсынады. Бұл деректер қорында 235 елдің 53 сала бойынша 600-ден астам дерек көздерінің жаңалықтарын іздеуге болады.


Academic Search Complete — EBSCO агенттігінің 8500-дай журналдың электронды нұсқасын, ғылыми сараптамадан өткен видеолар мен тарихи әрі өте сапалы фотолардан тұратын деректер қоры. 


eBook Academic Collection — EBSCO агенттігінің Oxford University Press, State University of New Press, Cambridge University Press, University of California Press, Taylor and Francis LTD және т.б. жетекші баспалардың 120 000 электронды кітаптарын оқуға болады.


Euromonitor International Passport — нарықтық анализ, тұтынушыларының статистикалық мәліметтері, шаруашылық саласының қызметі, экономика саласындағы әр түрлі есептер, пікірлер және басты жаңалықтары жайлы ақпараттарды құрайтын деректер қоры. 2020 жылға дейінгі 27 сала бойынша болжанған 210 мемлекеттің 900-ға жуық қаланың деректерін табуға болады.


Oxford Jurnals - Oxford University Press баспасының 2018-2019 жылғы алдыңғы қатарлы академиялық онлайн порталы. Әлемдегі алдыңғы қатарлы академиялық журналдардың 4 толық коллекциясын біріктіреді (Mathematics & Physical TITLES Sciences Collection, Humanities Collection, Social Sciences Collection, Law Collection)


Oxford Scholarship Online – Oxford University Press баспасының кітаптары мен ғылыми жұмыстарын ұсынатын онлайн-кітапхана. OSO қорында әлемнің 90 елінде орналасқан 2000 астам мекеменің  20 пәндік облысты құрайтын 15000 астам кітап бар.


Scopus — конференция материалдары, патенттер, кітап сериялары, жеке монографиялар және басқа да басылымдардан тұрады. Scopus-та әлемнің 5000 баспасынан шығатын 22000 мерзімді басылымдар бар.


Science directәлемдегі ең жоғары импакт-факторы бар, ең ірі ғылыми толықмәтінді журналдар және кітаптардың баспасы. ScienceDirect мультидисциплинарлық платформасында Elsevier баспасының барлық ғылым салаларын қамтитын 2500 ғылыми журналдардың 13 млн-нан астам басылымына және 33000 кітабына қолжетімді.


Springer — әр түрлі форматтағы ғылыми контенттік әлемдік басылымдардың бірі. Құрамында 3000-нан астам журнал бар, оның ішінде 550 журналына ашық қолжетімді.


Web of Science — реферативтік-библиографиялық деректер қоры. Құрамында әлеуметтік және гуманитарлық ғылымдар саласындағы әлемнің ең атақты 12500 журналы мен 148 мың конференция материалдарынан тұрады.


eLibrary USA – ағылшын тіліндегі көптеген ақпараттарды, ғылыми журналдардағы мақалаларды, жаңалықтарды, диссертацияларды, кітаптар мен мерзімді басылымдарды қамтитын JSTOR, ProQuest, Ebrary сияқты 25 деректер қорының жиынтығы. Бұл деректер қорына Ғылыми кітапханада орналасқан «American Corner and Maker Space Astana» ақпараттық-ресурстар орталығында қолжетімді. Толығырақ…