Help ECENUKAZ
Счетчик посещений Counter.CO.KZ - бесплатный счетчик на любой вкус!
Яндекс.Метрика
  • User Online: 0
  • Today Visit: 59
  • Yesterday Visit: 68
  • Week Visit: 1  180
  • Month Visit: 6  323
  • Years Visit: 324  841

Хабарландыру

Құрметті студенттер мен оқытушылар!

 2016 жылдың 15 шілдесіне дейін кітапхананың кітаптарын тапсыруларыңызды сұраймыз

    Ғылыми кітапхана

ЕҰУ-дегі Thomson Reuters семинары

11 шілде күні Ғылыми кітапханада «ҰҒТАО» АҚ (АО «НЦНТИ») және Thomson Reuters компаниясының бірлесе ұйымдастыруымен «Web of Science құрамындағы халықаралық журналдар: қазіргі ғылыми басылымдардағы стандарт» тақырыбында семинар өтті. Семинар отандық ғалымдардың мақала жариялаудағы сауаттылығын арттыру және басылымдардың әлемдік деңгейде танылуы мақсатында өткізілді. Толығырақ »

Ел жүрегі – Астана!

Астана өң бойына халықтың күші мен қайратын жинап, тәуелсіз Қазақстанның мақтанышына айналған Елордасы.  «Еңселі Елорда, асқақтаған Астана». Бүгін біз осындай қасиетті сөздерді құрметпен, аса мақтанышпен айта аламыз. Арқаның төрінде орналасқан айбынды Астанамыз бүгінде 18 жасқа толады. Жаңа қала Ару Астанамыздың көрікті, көздің жауын алар, жаңа үлгідегі биік-биік ғимараттары қалаға ерекше сән береді. Жер бетіндегі Еуразия құрлығының кіндігінде орналасқан Астана – Еуразия мен Азияны жалғастырушы алтын көпір, қақпаның кілті болса, күллі қазақ халқының – жүрегі. Толығырақ »

Кітапхана қоры жаңа кітаптармен толықты

     Л.Н.Гумилев атындағы ЕҰУ-дың халықаралық байланыстар және инновациялар жөніндегі проректоры Сомжүрек Баубек Жұмашұлы  ғылыми кітапхана қорына “Ауғанстан тарихы” (История Афганистана) және “Түркі Мемлекеттерінің Одағы” (Жаһандық ықпалдастықтың Еуразиялық үлгісі) атты кітаптарды сыйға тартты.

    “Ауғанстан тарихы” (История Афганистана) атты еңбектің авторы тарих ғылымдарының кандидаты, тарихшы, саясаткер Сұлтан Әкімбеков. Кітап Ауғанстанның тарихына арналған. Толығырақ »

БАСПАСӨЗ ХАБАРЛАМАСЫ

    2016 жылдың 26 мамырында Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің ғылыми кітапханасы Қазақстанның ЖОО кітапханаларының Ассоциациясы және Назарбаев Университетінің ғылыми кітапханасымен біріге отырып, жыл сайын ұйымдастырылатын «Университет кітапханаларын дамытудың жаңа бағыттары: тәжірибелер, мәселелер мен жетістіктер-2016» атты V-ші халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференциясын өткізеді.

     Конференция мақсаты – Қазақстанның ЖОО-дағы қазіргі кітапханалар қызметіндегі өзекті мәселелерді қамти отырып, тәжірибе алмасу, заман талабына сай кітапханалар ісін одан әрі жандандыру және дамыту.

    Конференция барысында білім және ғылыми зерттеулер үдерістерін ақпаратпен қамтамасыз ету, кітапханалардың қорларын қалыптастыру мен сақтаудағы мәселелері, студенттер мен оқытушылардың және ғалым – зерттеушілердің мүдделеріне сәйкес электронды ресурстармен жұмыс жүргізу, пайдаланушылардың медиялық және ақпараттық сауаттылығын қалыптастыру мәселелері талқыланады.

        АҚШ, Түркия, Ресей, Беларуссиядан келген әріптестер электрондық коллекцияларды құру, ақпараттық-кітапханалық қызмет көрсетудің өзекті аспектілері бойынша өздерінің баяндамалары мен шолуларында инновациялық тәжірибелерімен бөліседі. Жоғары оқу орындарында қазіргі  комьюнити орталықтарын құру, ғалымдардың еңбектерін жариялау белсенділіктерін көтеруге ықпал етуде және әлемдік ғылыми журналдарда жариялауға көмектесу жайлы сөз болады.

   Конференция жұмысына 80-нен астам жоғары оқу орындары кітапханаларының басшылары мен бас мамандары қатысады. Конференция бағдарламасында кітапхана қызметкерлері мен жоғарғы оқу орындарының оқытушыларына арналған  Grebennikon, IPR Media,  Euromonitor International т.б. электронды ресурстарын пайдалану туралы семинарлар, тренингтер мен шолулар жүргізіледі. Мақала, диссертация, монография сияқты ғылыми жұмыстарға талдау жүргізу бойынша  «Антиплагиат» жүйесінің таныстырылымы өтетін болады.

  Конференция барысында ҚР Парламенті Мәжілісі депутаттарының қатысуымен «Болашақ университеттерді қалыптастыруда кітапханалардың миссиясы» атты дөңгелек үстел өтеді. Аталған шарада бәсекеге қабілетті ЖОО түлектерінің құзыреттілігін қалыптастыруда кітапхананың рөлі, қоғамдағы медиа – ақпараттық сауаттылықты жетілдіруде кітапханалардың міндеттері, жоғары оқу орындары кітапханаларының инновациялық қызметін нормативті-құқықтық қамтамасыз ету мәселелері талқыланады.

  Сонымен қатар «Speed dating» форматында оқу үдерісіне байланысты баспа өнімдері мен электронды ресурстардың көрмесі ұйымдастырылады. Конференция жұмысының соңында жоғары оқу орындары кітапханаларын одан әрі дамытудың ұсыныстары әзірленеді.