Oxford Scholarship Online дерек қоры қолжетімді болды

Құрметті Оқытушылар және студенттер!

Оксфорд университеті баспасының Oxford Scholarship Online электрондық кітаптар қоры университет оқырмандарына толық қолжетімді болды.

Oxford Scholarship Online – бұл Oxford University Press баспасының кітаптары мен ғылыми жұмыстарын ұсынатын онлайн-кітапхана. Oxford Scholarship Online қорында әлемнің 90 елінде орналасқан 2000 астам мекеменің  20 пәндік облысты құрайтын 14000 астам кітап бар.

Бұл дерек қорын 2018 жылдың 21 маусымына дейін университет аумағында және Ғылыми кітапхананың оқу залдарында қолдануға болады.

Ресурсқа кіру сілтемесі: http://www.oxfordscholarship.com/

 

Қосымша ақпаратты ЕҰУ-дың ғылыми кітапханасынан ала аласыз.

Телефон: ішкі: 36-107, 36-304