Құрметті пайдаланушы!

2019 жылы 5 маусымда сағат 14: 00-де

Л.Н.Гумилев атындағы ЕҰУ-дың  Ғылыми кітапханасында «IEEE Xplore сандық кітапханасы» атты семинар өтеді.

  "IEEE Xplore"  сандық кітапханасы - электротехника, байланыс және информатика бойынша бүкіл заманауи әлемдік әдебиеттің үштен бірін қамтитын, құрамы жағынан бірегей, ауқымды, прогрессивті және жоғары потенциалды ғылыми-технологиялық ресурс.  IEL технологиялар саласында Сіз үшін ең өзекті, құнды  және қажетті ғылыми зерттеулерді қамтитын жоғары кәсіби және білікті, беделді ғылыми журналдарға (195), конференция материалдарына (1,8 млн) және стандарттарға (6200) қол жеткізуге мүмкіндік береді. Семинардың мақсаты – жаңа білімді жинақтау процесінде  университет зерттеушілерінің, профессор-оқытушылар құрамының, сондай-ақ жас ғалымдардың ғылыми-техникалық салалардағы жарияланым белсенділігінің өсуі мен тиімділігінің ғылыми әлеуетін арттыру. Семинарда ақпараттық платформамен жұмыс істеудің негізгі дағдылары, ғылыми жарияланымдарды базалық және кеңейтілген іздеу қарастырылады.

     Семинарды Қазақстан мен ТМД-дағы IEEE өкілі Әсел Жарасова өткізеді. Іс-шараның ұзақтығы: 1,5 сағ.