Жоғары оқу орындары кітапханалары мамандарының халықаралық конференциясы

Изображение: 

2019 жылдың 6-7 маусымында жоғары білім көшбасшыларының Еуразиялық форумы аясында «ЖОО кітапханасын дамытудағы заманауи әлемдік үрдістер» атты VIII Халықаралық конференциясы сәтті өтті. Іс-шараны Назарбаев Университетінің кітапханасы, Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ Ғылыми кітапханасы және «Қазақстан Республикасының жоғары оқу орындары кітапханаларының қауымдастығы» қоғамдық бірлестігі ұйымдастырды. Биылғы конференцияның тақырыбы «Ғылым мен инновацияға арналған университет кітапханаларының қызметтері мен ресурстары» заманауи университет кітапханалары үшін өте маңызды болды.  Екі жұмыс күні ішінде кітапхана форумының 120-дан астам қатысушысы ғылыми және инновациялық қызметті қолдау үшін университет кітапханаларының перспективалық идеялары мен үрдістерін талқылау мүмкіндігіне ие болды. Конференцияның маңыздылығы, жетекші шетелдік сарапшылардың, Висконсин штаты Университетінің (Мэдисон қ., АҚШ) Кітапханалық жүйесінің директоры Шейла Штокель ханымның оқу бағдарламалары бойынша және Хильдесхайм Университетінің (Хильдесхайм қ., Германия)  ғылыми зерттеу деректерін басқару тобының үйлестірушісі Аннет Штраух ханымның баяндамалары арқылы өсті. Университеттердің ғылыми-зерттеу және инновациялық қызметіне арналған ақпараттық-кітапханалық қызметтері бойынша маңызды тақырыптарға арналған 20 баяндама тыңдалды. Қазақстанның Алматы, Нұр-Сұлтан,  Тараз, Қарағанды, Қостанай, Орал қалалары және Орталық Азия елдерінің (Өзбекстан, Тәжікстан, Қырғызстан) университеттер кітапханаларының басшылары мен жетекші мамандары әлеуметтік және кәсіби коммуникацияларды жақсарту жаңа білім алды. Конференцияда ақпараттың сапасын бағалау, кітапхана қорын қалыптастыру және толықтыру әдістері, баспалық және цифрлы жинақтамаларды басқару тәсілі, ашық қолжетімділікті қамтамасыз ету және институционалдық репозиторийді дамыту және т.б. мәселелер талқыланды. Конференция қашықтағы қатысушыларға онлайн-трансляция арқылы қол жетімді болды. Ақпараттық компаниялар мен баспа орталықтары өкілдерімен кездесу мүмкіндігі және жоғары білімді қолдауға арналған ақпараттық ресурстардың көрмесі қатысушыларды ерекше қызықтырды. Ғылыми ақпарат саласындағы танымал агрегаторлар мен басылымдар (IEEE,  EBSCO, Royal Society of Chemistry, Taylor & Francis, Wiley, Wolter Kluwer, Cambridge University Press, ИФРА-М, Clarivate Analytics компаниялар тобы, Эпиграф баспасы және т.б.)  ақпараттық өнімдерін  университет кітапханаларында пайдалану мүмкіндіктері туралы баяндады. Екі күн бойы кітапханашыларға ағымдағы өзгерістерді, презентацияларды талқылауға және кітапханалардағы озық тәжірибелерді, стратегиялар мен үрдістерді алмастыру алаңы берілді. Конференцияға қатысушыларға Қазақстан Республикасының Ұлттық музейіне және қала бойынша экскурсия ұйымдастырылды. Конференция қорытындысы бойынша тезистер жинағы үш тілде жарық көрді және Қазақстанның академиялық қоғамдастығының білім беру және ғылыми-зерттеу қызметін қолдау үшін кітапхана қызметін одан әрі жетілдірудің қажеттілігі бойынша ұсыныстар жасалды.