СИРЕК КІТАПТАР МЕН ҚОЛЖАЗБАЛАР БӨЛІМІ

   Бөлім жұмысының негізгі бағыттары:

- Қазақстан Республикасының әдебиеті, тілі, тарихы, рухани мәдениетіне қатысты ұлттық рухани құндылықтарды жинақтау; қорды қалыптастыру, ұйымдастыру және сақтау;

- құжаттарды қалпына келтіру және сақтау, библиографиялық сипаттау, электронды каталогты ұйымдастыру және жүргізу.

  Бөлімнің мiндеттерi:

  • сирек кiтаптар мен қолжазбаларды, құнды ғылыми басылымдарды жинау;
  • қорды таныстыру және насихаттау;
  • бұқаралық ақпарат құралдарында мақалалар жариялау;

  • оқытушы-профессор құрамына,докторанттарға, магистранттар мен студенттерге зерттеу жұмыстарын жүргізуге жағдай жасау, сирек қормен жұмыс істеу туралы оқырмандарға кеңес беру;
  • ақпараттық сұранысқа және кітапхананың пайдалану ережелеріне сәйкес оқырмандарға жеке қызмет көрсету;

    Бөлім қорында қазақ, орыс, шет тілдеріндегі сирек кітаптар мен қолжазбалар, аудио-видео басылымдар, фото-құжаттар, ноталық және мерзімді басылымдар жинақталған.

  Бөлімде Қазақстанның көрнекті ғалымдарының мемориалдық кітапханалары бар:

  • Академик Ә.Марғұланның жеке кітапханасы (202 бөлме)
  • Академик М. Қаратаевтің кітап қоры (203 бөлме)
  • Жазушы С. Бегалиннің қолжазба қоры (202 бөлме)
  • Академик К. Ақышевтің мұражай-кабинеті (102 бөлме)
  • Академиктер С. Қирабаев пен Ә.Бейсенованың мұражай-кітапханасы (303 бөлме)
  • Академик Р. Сыздықованың кітап қоры (203 бөлме)
  • Профессор Т. Кәкішевтің кітап қоры (203 бөлме)
  • Профессор О. Нұрмағамбетованың кітап қоры (203 бөлме)
  • А. Сейдімбек атындағы ғылым залы (204 бөлме)
  • Профессор Т. Жұртбайдың кітап қоры (202 бөлме)
  • Қазақстан Композиторлар одағының қоры
  • ГФР Сыртқы істер министрі Х.-Д. Геншердің кітапханасы (203 бөлме)

 

Бөлім басшысы: Ермаганова Мейрамкул Загпарқызы

Телефон:  +7 (7172) 70-95-00 (ішкі: 36-203),  203 каб.  (Пушкин көшесі, 11)

e-mail: yermaganova_mz@enu.kz

Бөлімнің жұмыс уақыты: дүйсенбі - жұма 09.00 - 18.00, сенбі  09.00 - 14.00  

Жексенбі - демалыс күні.
Айдың соңғы күні – тазалық күні.