Сыйға тартушылар

    Ғылыми кітапхананың қорын толықтыру көздерінің бірі - сыйға тартылған кітаптар болып табылады. Жеке авторлардың, баспалар мен әртүрлі ұйымдардың сыйға тартқан басылымдары кітап қорының  ақпараттық әлеуетін байытады. Ғылымның барлық салалары бойынша сыйға берілген оқулықтар мен оқу құралдары, ғылыми басылымдар мен конференция материалдары оқырмандардың пайдалануына кеңінен мүмкіндіктер жасалған. Университет ғалымдарының сыйға тарқан басылымдары кітапхана сайтының басты бетіндегі «Сыйға тартушылар тізіміне» қойылады.  

   Біз әр сыйға тартушыға алғыс білдіре отырып,  сыйға тарту ережесіне сәйкес ғылыми кітапхана сирек кітаптар мен қолжазбаларды; соңғы 5 жылда жарыққа шыққан  оқулықтар, оқу-әдістемелік басылымдар; ғылыми басылымдар мен конференция материалдары; отандық және шетелдік көркем әдеби басылымдар  қабылданатынын еске саламыз.

   Көп данадағы кітаптарды сыйға берген кезде алдын ала олардың тізімін (авторын, атауын, баспасын және басылым жылын көрсете отырып) жасауды ұсынамыз. Кітапхана ұлттық және діни ағымдағы, нәсілдік төзімсіздікті, қоғамға қарсы мінез-құлықты және басқа да жағымсыз құбылыстарды насихаттауға бағытталған басылымдарды қабылдамайды.

    Сыйға алынған кітаптар ғылыми кітапхана қорын толықтыру бөлімінде мына мекен-жай бойынша қабылданады: Астана қаласы, Пушкин көшесі  11, каб.109. Анықтама үшін тел.: 709-500 (ішкі. 36-109)

    Сыйға тартушыға басылымдардың қорға қабылданғандығы туралы  «анықтама» қағазы беріледі.

 

 2018 ж. 1- ші жартыжылдығындағы  сыйға тартушылар