ELIBRARY USA

eLibraryUSA – «American Corner and Maker Space Astana» ақпараттық-ресурстар орталығында толық қолжетімді. Орталық - Ғылыми кітапхананың (Пушкин көш. 11) 3 қабаты, 307 кабинетте орналасқан.

Жұмыс кестесі:

Дүйсенбі — Сенбі: 9.00 – 20.00 с.;

Әр айдың соңғы күні – тазалық күні.

Анықтама тел.: +7 7172 709 500 (ішкі 36-307); +7 702 9530310.


Academic OneFile – құрамында 8000-ға жуық академиялық журнал бар. Бұл ресурсты физика және әлеуметтік ғылым, техника, медицина, өнер және әдебиет салаларын зерттеуде қолдануға болады.


Biography In Context – әлемге танымал тарихи тұлғалардың профильдерін құрайды.Сонымен қатар құрамында 650 журналдың биографиялық ақпараты, мақалалар, анықтамалық материалдар, аудио және видео түріндегі материалдар бар.


BookFlix – ағылшын тілін үйренушілерге арналған ресурс. Бұл ресурстың көмегімен тексттерді дауыстап оқуға, сөздерге анықтама алуға, сонымен қатар кітаптардың авторы туралы мәлімет алуға болады. Коллекция 115 электрондық кітап, 115 видео және испан тіліндегі бірнеше кітаптардан тұрады.


Business Insights: Global – ресурсы компанияларды зерттеулерге арналған. Құрамында 10 000 финанстық есептер, іскерлік жаңалықтар, ғылыми мақалалар және әр түрлі тақырыптық зерттеулер бар.


CQ Researcher Online – саясаттану және әлеуметтану мәселесін зерттеушілерге кешенді анализ ұсынады. Бұл ресурстың құрамында күнделікті жаңартылып отыратын 40 мыңнан астам мақала бар.


Ebrary – тарих, әдебиет, ғылым және техника салалары бойынша 160 мыңнан астам электрондық кітаптардың коллекциясы.


Gale Directory Library – бүкіл әлем бойынша бизнес, басқару және профессионалдық анықтамалар бойынша 19 коллекцияның жиынтығы.


Gale Virtual Reference Library – ғылым, заң, бизнес, саяхат, өнер салалары бойынша 65-тен астам электрондық кітаптардан тұрады.


General OneFile – 8 800-ден астам журнал мен газеттердің мақаларынан, сонымен қоса New York Times сияқты әлемнің атақты газеттерінен тұрады.


Global Issues in Context – әлемнің әрбір мемлекетіне қатысты мәселелері талқыланатын газет тер мен академиялық журналдардың мақалаларынан тұрады. Сонымен қатар видео мен подкасттарға сілтемелер бар.


GREENR – энергетикалық және экологиялық мәселелер жайлы ақпаратты құрайды. Құрамында академиялық журналдардың мақалалары, газет пен журналдар, сондай-ақ видеоларға сілтемелер бар.


JSTOR – дерек қорынында өнер, гуманитарлық ғылымдар, әлеуметтік ғылымдар, экономика, тарих, саясат ғылымдары және аймақтық зерттеулер бойынша 850-ден астам ғылыми журналдарға толық қолжетімді.


Literature Resource Center – студенттер ғылыми мақалалар, өлеңдер, әдебиеттер мен авторларға зерттеулер және кітаптарға шолу жүргізе алады.


National Geographic Kids – 6-14 жас аралығындағы балаларға арналған National Geographic Kids деректер қоры. Ғылым, табиғат, мәдениет, археология жайлы мақалаларды құрайды.


National Geographic Virtual Library – ғылым, тарих, технология, қоршаған ортаны қорғау, мәдениет сияқты тақырыптарды қамтитын National Geographic журналының толық архивын құрайды.


Opposing Viewpoints In Context – даулы мәселелерді жан-жақты (со всех сторон) қарастырады. Жақтаушылар мен даттаушылардың идеяларын жинақтайтын 1700 газет пен журналдардан тұрады.


ProQuest Dissertations & Theses Global – деректер қорында 1,5 млн.-ға жуық ағылшын тілінде диссертациялар бар. Диссертациялар әр түрлі салаларды, атап айтқанда математика, әлеуметтану, іскерлік әкімшілік тақырыптарын қамтиды.


ProQuest Research Library – ғылыми және қызықты мақалалардан тұрады. Бизнес, өнер, денсаулық сақтау және медицина, білім беру, әдебиет және тіл және тағы басқа да тақырыптарды қамтиды. Құрамында 6400 ғылыми журнал бар.


Research In Context – жасөспірімдерге арналған ресурс. Құрамында әр түрлі тақырыптарға арналған қысқаша шолулар бар. 1200 ғылыми журнал мен газеттен тұрады. Сонымен қатар анықтамалық ресурстар мен аудио, видео сілтемелерден тұрады.


Science in Context – көптеген ғылыми зерттеулерге арналған ақпаратты құрайды. Құрамында 560 ғылыми журналдар мен газеттердің мақалаларынан тұрады.


Small Business Resource Center – өзінің бизнесімен айналысқысы келетін кәсіпкерлерге арналған ресурс. Құрамында мақалалар, 550 ден астам бизнес-жосбалардың үлгілері бар.


Smithsonian Magazine – тарих, ғылым, қоршаған орта, өнер, инновациия, технология және әлемдік мәдениет жайлы мақалалардан тұрады.


Student Resources In Context – жаңа зерттеулер жүргізуге арналған ресур. Құрамында әр түрлі тақырыпты қамтитын ақпарат бар: 2000 ғылыми журнал мен газеттердің толық мақалалары, анықтамалар және аудио, видеоларға сілтремелер бар.


U.S. History In Context – АҚШ-тың тарихымен танысуға, өзіндік зерттеулер жүргізуге арналған. 1500-ден астам газет пен журналдарды, ғылыми журналдар, сурет, видео және аудио түріндегі ақпараттарды құрайды.


World History In Context – Әлемдік тарихты зерттеулерде қолдануға болатын ресурс. World History In Context ежелгі және қазіргі тарихты қамтиды. Құрамында 1500 ғылыми журнал, газеттер, құжаттар, суреттер, видео және аудио файлдар бар.