СТУДЕНТТІК ҮЙЛЕРДЕГІ «КІТАПХАНАШЫҒА СҰРАҚ» АТТЫ АҚПАРАТТЫҚ БАҒДАРЛАМА

ЕҰУ-дың ғылыми кітапханасы өздерінің ресурстар және қызметтерімен таныстыру үшін 2017 жылдың 2-6 қазан аралығында университеттің студенттік үйлерінде «Кітапханашыға сұрақ» атты ақпараттық апталығын өткізді. Ғылыми кітапхананың өкілдері Амангелдиев А., Аржанова А., Караман А. презентациялар дайындап, университет кітапханасының ақпараттық мүмкіндіктері туралы баяндамалар жасады. Бағдарламада электронды деректер қорының презентациясы, кітапхананың қызмет және ресурстарымен танысу шаралары өткізілді. Студенттік үйлерде тұратын 400-ден астам студент кітапханада қолжетімді әлемдік электронды дерек қорлары туралы толық мәлімет алды. Кездесуге қатысушылар мен ұйымдастырушыларға жолсілтеме мен «Электронды ресурстардың» буклеттері таратылды. «American Corner and Maker Space Astana» ақпараттық орталығы аудиторияға ерекше қызығушылық тудыртты. Студенттік үйлердегі кездесулер «Америка бұрышындағы қызметтерді қалай пайдалануға болады?», «Деректер базасына қашықтан кіруге болады ма?», «Америка бұрышындағы іс-шараларға қатысу үшін ағылшын тілінің қандай деңгейі қажет?» деген сұрақ-жауап сессиясымен аяқталды. Ұйымдастырушылардың айтуынша, студенттік үйлердегі ақпараттық кездесулер сәтті өтті.