БУЛАТ МЕКЕБАЕВАТЫҢ «ДОЛГАЯ ДОРОГА К ВСТРЕЧЕ» АТТЫ КІТАБЫНЫҢ ТҰСАУКЕСЕРІ ӨТТІ

2017 жылдың 25 қазанында ғылыми кітапхананың мерзімді басылымдар оқу залында Еуропадағы танымал суретші және әдебиетші, Көкшетау қаласында дүниеге келген Булат Мекебаевтың «Долгая дорога к встрече» атты кітабының тұсаукесері өтті. Бұл кітап Булат Мекебаевтың Қазақстанда жарық көрген алғашқы басылымы. Кітапта «От рассвета и до заката» романы, «Долгая дорога к встрече» хикаясы, «Небо Востока» очеркісі мен «Примеряя жизнь на себя» атты өлеңдер жинағы кездеседі. Бұл басылымда 1941 жылы неміс халқының Қазақстанның солтүстік аймақтарына депортациялануы кезіндегі жасөспірімнің иығына түскен барлық қиыншылықтар нақты баяндалады.

      Бұл кездесуге университет студенттерімен қатар жазушының достары да қатысты. Нақтырақ айтқанда Таллин қаласынан келген жазушы-журналист Павел Макаров, Ганновердің суретшісі Роберт Хеттих, Көкшетау қаласының журналисі Әлия Ахетова. Іс-шараға қатысқан филология факультетінің студенттері мен оқытушылары автордың өмірбаяны мен оның шығармашылық жоспарларымен танысты. Кездесуге келген қатысушыларға  автордың қолтаңбасы бар кітаптар таратылды.