ҚҰРМЕТТІ ОҚЫТУШЫЛАР, ДОКТОРАНТТАР, МАГИСТРАНТТАР МЕН СТУДЕНТТЕР!

Ғылыми кітапхана сіздерді Факультет күндеріне шақырады!

Күні :   2019 жылдың 21-28 қазан аралығында
уақыты:   сағат 11.00 – 16.00
Орны:   ЕҰУ оқу корпустарында
Өткізілу кестесі: (сілтеме kitap.enu.kz)
Бағдарламада:

  •  «Ашық қолжетімділік: мағлұмат, түрлері, ерекшеліктері, артықшылықтары» – атты таныстырылым.
  • «Агрегаторлар мен репозитории» –  ашық қолданыстағы платформалар жайлы.
  • «Web of Science, Elsevier, Springer ашық қолданыста жариялау туралы» – кеңестер беру
  •  «Ашық қолданыста жариялау: авторлардың мүмкіндіктері» тақырыбында Wiley редакторларының ұсыныстары бойынша кеңестер.
  • «Ғылыми жарияланымдарға ашық қолданыс: сіздің пікіріңіз» – атты сауалнама.
  • Оқу пәндері бойынша айналымға түскен ғылыми және оқулық әдебиеттері мен мерзімді басылымдар жайлы виртуалдық көрме.
  • «Жаңа гуманитарлық білім. Қазақ тіліндегі 100 жаңа оқулық» жобасының аясында басылып шыққан 49 оқулықтардың көрмесі.
  • «Электронды кітапхана» (АИБС «МегаПро») модулін қолдану, электронды каталогтары мен цифрлы контенттерімен жұмыс жасау туралы кеңестер беру.
  • «ЭКС мен МБ жазылым платформаларының білім беру мен зерттеу жұмысындағы мүмкіндіктері» – атты тренингі.
  • Сұрақтарға жауап беру.

 

Анықтамалар алу үшін: тел.: 36 -101, 36-107 , 36-204

                                                  

Қош келдіңіздер!