«АБАЙ СӨЗІ – ҰРПАҚ ТЕМІРҚАЗЫҒЫ» АТТЫ ЭССЕ БАЙҚАУЫ

Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ-дың Ғылыми кітапханасы

Абай Құнанбайұлының 175 жылдығына арналған

«Абай сөзі – ұрпақ темірқазығы» атты эссе байқауын жариялайды

     Студенттерді, магистранттар мен докторанттарды қазақтың ұлы ақыны Абай Құнанбайұлының қара сөздері бойынша өтетін «Абай сөзі – ұрпақ темірқазығы» атты эссе байқауға атсалысуға шақырамыз.

     Өткізу мерзімі: 2020 жылдың 1 наурызы мен 20 сәуір аралығы

Өткізу кезеңдері:  1). 1 наурыздан 15 сәуірге дейін – жұмыстарды қабылдау.

2). 15-20 сәуір – жұмыстарды бағалап, қорытынды жасау.

3). 23 сәуір 2020 жыл – салтанатты марапаттау рәсімі.

     Конкурстық жұмыстарды жазуға және рәсімдеуге қойылатын талаптар.

1.  Қатысушы Абайдың 45-қара сөзінің бірін таңдап, эссені сол жайында жазуға тиіс.

2. Жұмыста Абай қара сөзінің Сіздің дүниетанымыңызға әсері мен оқыған шығарма жайлы  қорытынды ойыңыз көрсетілуге тиіс.

3. Жұмыс анық және түсінікті стильмен, қазақ, орыс және басқа да тілдердің бірінде жазылуға тиіс;

4. А4 форматындағы 1-2 беттен аспауға тиіс (Word, шрифт Times New Roman 14, 1 интервал).

5.  Әр қатысушы бір ғана жұмысты ұсына алады.

6. Жұмыстың негізгі бетінде келесі мәліметтер болуы тиіс: эссе тақырыбы және автор туралы ақпарат (толық аты-жөні, әкесінің аты, курсы, тобы, телефоны, электрондық поштасы).

     Жұмыстар ғылыми кітапхананың «Көркем әдебиеттер» абонементінде  (Пушкин көшесі 11,  кабинет-301) басып шығарылған күйінде немесе «Абай сөзі – ұрпақ темірқазығы» тақырыбымен ainur.bek_81@mail.ru электрондық поштасына жіберілу арқылы қабылданады. Байқауға ұсынылған жұмыстар қайтарылмайды. Авторларға рецензия жіберілмейді. 2020 жылдың 15 сәуірінен кейін жіберілген жұмыстар қаралмайды.

Байқау жұмыстарын бағалау және жеңімпаздарды марапаттау

     Ұйымдастыру комитетінің мүшелері мен Л.Н.Гумилев атындағы ЕҰУ оқытушыларынан тұратын қазылар алқасы ұсынылған жұмыстарға баға береді. Бағалау қорытындысы бойынша әр тілдегі жұмыстар бөлек-бөлек іріктеледі. Әрқайсынан үш үздік жұмыс таңдалынып алынып, жеңімпаздар анықталады (1, 2, 3-орын). Барлық қатысушылар алғыс хаттармен, ал жеңімпаздар дипломдармен және сыйлықтармен марапатталады. Үздік жұмыстар «Еуразия университеті» газетінде жарияланады. Марапаттау рәсімі 2020 жылдың 23 сәуірінде «Дүниежүзілік кітап және авторлық құқық» күніне арналған Кітап Апталығын өткізу кезінде шығарылады.

     Анықтама үшін байланыс: Байғабылова Айнұр Нәупілқызы, ғылыми кітапхана маманы. Тел. 36301

 Қымбатты достар, біз сіздердің жұмыстарыңызды күтеміз!