ТАҒЫЛЫМЫ МОЛ ДӘРІС

2020 жылы қыркүйектің 24 күні Еуразия ұлттық университетінің ғылыми кітапханасында, сирек кітаптар мен қолжазбалар бөлімінің ұйымдастыруымен «әл-Фараби және тіл мәселелері» атты онлайн-дәріс өтті.

Дәріс әл-Фараби бабамыздың туғанына 1150 жыл толуына орай көрнекті тұлғаның еңбектерін насихаттау мақсатында ұйымдастырылды.

Әл-Фараби ежелгі дәуір ойшылы Аристотельден кейін адамзаттың екінші ұстазы болды. Онлайн-дәріске университет ғалымдары, оқытушылары мен студенттері қатысты.

Дәріс барысында филология ғылымдарының докторы, ЕҰУ шығыстану кафедрасының профессоры, фарабитанушы Самал Абайқызы Төлеубаева өз ойларымен бөлісті.

Ол орта ғасырлық ислам ғылымының қалыптасуы мен даму тарихына тоқталып, әл-Фарабидің әлемдік ғылым тарихындағы рөлі туралы тарихи деректерге талдау жасады. Ұлы ғұламаның тіл біліміне қатысты ойларын арқау еткен дәріс тыңдарман қауымның қызығушылығын оятқан тағылымды дәріс болды.