«ГУМИЛЕВ ӘЛЕМІ» КІТАП КӨРМЕСІ

 Ағымдағы жылдың 21-⁣қазан күні ғылыми кітапханада «Еуразия абызы» атты кітап көрмесіне бейне шолу жасалып, әлемге танымал түркітанушы – ғалым, көрнекті тарихшы, ақын Л.Н.Гумилев мұрасы оқырман қауымға таныстырылды. ⁣⁣

Көрменің «Ғасырлық ғұмыр» атты бөліміне ғалым туралы деректемелер мен ғылыми-зерттеулері қойылды. Университетіміздің ректоры, тарих ғылымдарының докторы, профессор Ерлан Сыдықовтың «Гумилев әлемі» сериясымен шыққан тарихшылар мен этнологтарға, Гумилев мұрасын зерттеушілерге арналған «Лев Гумилев и тюркское возрождение» атты кітаптары мен ғалымның 100-жылдығына орай жарық көрген «Лев Гумилев энциклопедиясы», ғалым шығармашылығының сан қырын көрсеткен әдебиеттанушы Татьяна Фроловскаяның «Еуразия абызы» атты зерттеу повесі, ғалымның тартысқа толы ғұмыр тарихын нақты деректерге сүйене отырып зерттеген философия ғылымдарының докторы Валерий Деминнің «Өнегелі өмір» сериясымен шыққан «Лев Гумилев» кітабына тоқталып, Гумилев әлемі жан-жақты ашылып көрсетілді.⁣⁣

Кітап көрмесінің «Гумилев әлемі» бөліміне қойылған ғалымның этнология саласы бойынша дәрістері жинақталған «Струна истории» атты кітабына, Ұлы түрік қағанаты жайлы зерттеген «Древние Тюрки», «Черная легенда» және басқа да «Тарих және мәдениет» сериясы бойынша шыққан кітаптарға, сонымен қатар, қазақ тіліндегі «Хундар», «Көне түркілер», «Қиял патшалығын іздеу» атты үш кітаптан тұратын «Дала» трилогиясы, Еуразия ұлттық университетінің баспасынан шыққан «Л.Н.Гумилев: этногенез теориясы» атты басылымдарға жасалған шолу көрменің мазмұнын ашты.⁣⁣

Көрмеге қойылған басылымдарды ғылыми кітапхананың қорынан алып, танысуларыңызға болады.

Сілтеме: https://www.youtube.com/watch?v=8bYHAt9jh3M