«ҒЫЛЫМИ АҚПАРАТТЫ ЖӘНЕ МАҚАЛАНЫ ЖАРИЯЛАУҒА ҚОЛАЙЛЫ ЖУРНАЛДЫ ІЗДЕУ» ОНЛАЙН-СЕМИНАР

Халықаралық  ғылыми деректер базасымен жұмыс істеу бүгінгі күні зерттеу және оқу қызметінің ажырамас бөлігі болып табылады. Бұл тәжірибе ғалымдарға зерттеу үшін қажетті ресурстарды табуға ғана емес, сонымен қатар жұмыс нәтижелерін сәтті жариялау үшін ғылыми журналдарды таңдауға көмектеседі.
Бұл туралы бүгін 23 жылдың 2020 қазанында Ресей мен ТМД-дағы Wiley халықаралық баспасының өкілі Наталья Калицева ҒК-ның «Электрондық ресурстар» бөлімі MS Teams платформасында ұйымдастырған «Ғылыми ақпаратты және мақаланы жариялауға қолайлы журналды іздеу» онлайн-семинарында айтты. Іс – шараға 59 адам қатысты, олардың басым бөлігі – Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ докторанттары.
Баспа өкілі барлығын Wiley Online Library платформасында орналастырылған және университетте қолжетімді ғылыми контентпен таныстырып, ғылыми ақпаратты іздеу мүмкіндіктерін көрсетті. Сондай-ақ, Wiley журналдарының  мысалында жариялау процесінің ерекшеліктері қарастырылды және мақаланы жариялау үшін қолайлы журналды таңдау бойынша практикалық ұсыныстар берілді. Барлық қатысушыларға презентация және қатысушы сертификаттары жіберілді. Осы іс-шараның жазбасымен мына жерде таныса аласыз.