«IEEE ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ДЕРЕКТЕР ҚОРЫНЫҢ ҒЫЛЫМИ ЖӘНЕ БІЛІМ БЕРУ РЕСУРСТАРЫ: ДАМУДЫҢ ЖАҢА МҮМКІНДІКТЕРІ МЕН ПЕРСПЕКТИВАЛАРЫ» АТТЫ АҚПАРАТТЫҚ ВЕБИНАР

2020 жылдың 27 қазанында «IEEE халықаралық деректер қорының ғылыми және білім беру ресурстары: дамудың жаңа мүмкіндіктері мен перспективалары» атты ақпараттық вебинар өтті.
Тренинг техникалық факультеттердің студенттеріне, магистранттарына, оқытушыларына, зерттеушілеріне бағытталған. IEEE-нің ҚР-дағы уәкілетті өкілі Әсел Жарасова Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ үшін қолжетімді IEEE Xplore әлемдегі ең ірі техникалық электронды кітапхана туралы қысқаша презентация берді (195 журнал, 1 800 конференция жинағы, 4 400 стандарт). Бұдан әрі IEEE Xplore платформасының функционалдығы мен құралдары, ғылыми-техникалық зерттеулер әлеміндегі навигация жүйесі, IEEE журналдарында ғылыми зерттеулерді жариялау процесі туралы ақпарат берілді.
Докторанттар IEEE электрондық базасы арқылы индекстелетін деректер базасында жариялау үшін мақаланы қалай тиімді дайындау керектігі туралы түрлі сұрақтар қойды, содан кейін ашық қолжетімді журналдарды, мақалалар мен материалдарды іздеу және іріктеу мастер-классы көрсетілді және IEEE журналдарының техникалық талаптары бойынша мақала дайындау үшін IEEE Author Center авторлары үшін арнайы ресурсқа шолу берілді.
Іс-шараның презентациясымен мына жерде танысуға болады.