«Жаңа гуманитарлық білім. Қазақ тіліндегі 100 жаңа оқулық» жобасы бойынша аударылған оқулықтардың кітап көрмесі

Ағымдағы жылдың  қарашаның 5 күні ғылыми кітапханада «Жаңа гуманитарлық білім. Қазақ тіліндегі 100 жаңа оқулық» жобасы бойынша аударылған оқулықтардың кітап көрмесі өтті. «Кітап – сарқылмас рухани қазына» деген атаумен қойылған көрмеге бейне шолу жасалып, оқырмандарға онлайн форматта таныстырылды.    ⁣
Аталған жоба бойынша бүгінгі күні кітапхана қорына  88 аталым оқулықтың 26540 данасы түскен.  Оқулықтар ғылымның түрлі салаларын қамтыған. Олардың арасында адамзат тарихы да жобадан тыс қалған жоқ. Оған Росс Е. Данның «Панорама» атты 2 томдық кітабы дәлел. Құқықтану саласынан бес  аталым жарық көрді. Соның бірі – азаматтық іс жүргізу процессі саласындағы Англияның ең танымал мамандарының бірі, Кембридж университетінің профессоры Н.Эндрюс дайындаған «Азаматтық іс жүргізу» оқулығы. Екі томнан тұратын бұл еңбекте автор әр тарауды жан-жақты зерттей келе, азаматтық процестегі пікірталастарды кеңінен баяндаған. Саясаттану саласы мамандарына Р.Трагердің «Дипломатия: коммуникация және халықаралық тәртіп негіздері» атты кітабын ұсына аламыз. Мұнда дипломатиялық амал-тәсілдердің халықаралық қатынастар жүйесіндегі рөлі қарастырылады.⁣

Экономика саласы бойынша М.Паркиннің «Макроэкономика» және «Микроэкономика» оқулықтары аударылса,  әлеуметтану саласы бойынша бірнеше оқулық аударылды. Солардың бірегейі – Д. Бринкерхоф бастаған америкалық әлеуметтанушылардың «Әлеуметтану негіздері» оқулығы.⁣

Ғылыми кітапхана мамандарының мақсаты – өз оқырмандарын осы жобаның аясында басылып шыққан оқулықтармен кезең-кезеңімен кеңінен таныстыру әрі насихаттау. Университет оқытушыларымен бірлесе отырып, аталған оқулықтардың оқу бағдарламасына тереңірек енгізіліп, студенттер арасында жан-жақты қолданылуына мүмкіндік жасау.  ⁣

⁣  Көрмеге қойылған басылымдарды ғылыми кітапхананың қорынан алып, танысуларыңызға болады.⁣

Сілтеме:  https://www.youtube.com/watch?v=cA398UyBL98