Хабарландыру

2020 жылғы 17-19 қараша аралығында ғылыми кітапхана ҚР жоғарғы оқу орындары кітапханаларының қауымдастығымен бірлесіп «Жоғары оқу орындары кітапханаларының заманауи әлемдік дамуындағы үрдістері» атты IX халықаралық онлайн конференция өткізеді.

Конференцияда шетелдік және қазақстандық кітапханашылар, электронды ресурстарды тасымалдаушылардың баяндамалары ұсынылады. Бағдарламаға қазіргі заманғы ұрпақтың автоматтандырылған кітапхананың ақпараттық  мүмкіндіктерін пайдалану негізінде электрондық кітапханалар мен электрондық-кітапхана жүйелерін құру, жоғары оқу орындарының оқу және ғылыми-зерттеу қызметін қолдау үшін электрондық ақпараттық-білім беру ресурстарының орны мен мәнін айқындау мәселелері енгізіледі, қашықтықтан оқыту жағдайында жоғары оқу орындары кітапханаларының табысты жұмыс тәжірибелері ұсынылатын болады. Сондай-ақ отандық және шетелдік баспалардың және электрондық ресурстарды тасымалдаушылардың жаңа құралдары мен мүмкіндіктері көрсетіледі. Конференцияның жұмысы – қазақ, орыс тілдерінде өтеді.

Конференцияға тіркелу cілтеме:

https://docs.google.com/forms/d/1Gz1juHeVPI5RfuZ2GHEJwu9oPoNvYu-vMXzO6Cbykkg/edit?usp=sharing

Конференцияға қосылу сілтемесі:   https://cutt.ly/pgCwQ5q