ҚҰРМЕТТІ ЗЕРТТЕУШІЛЕР!

Сіздерді Л.Н.Гумилев атындағы ЕҰУ-дың Ғылыми кітапханасында өтетін «IEEE Xplore цифрлық кітапханасы: ғылыми-техникалық зерттеулердің тиімділігін арттырудың жаңа мүмкіндіктері» тақырыбындағы семинарға қатысуға шақырамыз.

14:00    25    қараша 2019

     IEEE Xplore цифрлық кітапханасы – ғылымның инженерлік-техникалық бағыты бойынша қазіргі заманғы әлемдік ғылыми әдебиеттің үштен бір бөлігін құрайтын  IEEE Электротехника және электроника инженерлері институтының ең ірі ғылыми ресурсы. Контентте зерттеу материалдары, мақалалар, техникалық стандарттар және 5 миллионнан астам құжаттардан тұратын IEEE жыл сайынғы конференцияларының материалдары бар.
Семинар бағдарламасында қарастырылады: ғылыми-техникалық зерттеулер әлеміндегі навигация жүйесі, ғылыми-техникалық зерттеулердің тиімділігін арттырудың жаңа мүмкіндіктері, IEEE журналдарындағы ғылыми зерттеулердің жарияланымдары мен мақалаларын ресімдеу.
Ақпараттық семинарды IEEE-дің Қазақстан Республикасы мен ТМД елдерінің уәкілетті өкілі Асель Жарасова өткізеді.
Семинарға қатысу үшін келесі сілтеме бойынша тіркеліңіз:
http://www.mikroinfo.com/ru/registration-gumilyov/