«Digital literacy and tools for young scientists» Америка бұрышының онлайн жобасы

Ағымдағы жылдың 9-21 қараша аралығында ғылыми кітапханада орналасқан Америка бұрышы «Жас зерттеушілерге арналған цифрлық сауаттылық және ғылыми құралдар» («Digital literacy and tools for young scientists») оқыту тренингін өткізуді ұйымдастырды. Жобаның мақсаты – жас ғалым-зерттеушілердің, магистранттар мен докторанттардың цифрлық және зерттеу сауаттылығын арттыру. Жобаға 120 жас зерттеуші қатысты, олардың 34-і Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ-нің магистранттары мен докторанттары. Оқыту екі модуль бойынша өтті. Олар зерттеу түрлері, білімді ұйымдастыру тәсілдері, дереккөздермен жұмыс істеу және зерттеу тақырыбы бойынша әдебиеттерге шолу жүргізу, зерттеудің этикалық аспектілері, тәртіптік бағыттарда зерттеулерді жүргізу және бағалау ерекшеліктері сияқты тақырыптарды қамтыды. Жобаның тренерлері КИМЭП оқытушылары Әлия Танкібаева мен Әйгерім Керімрай болды. Үш апта бойы жас ғалымдар цифрлық ортада сыни ойлауды дамыту, плагиаттың алдын алу, журналдар мен басылымдарды академиялық адалдыққа тексеру, зерттеудің этикалық аспектілері және сандық құралдар бойынша білім мен практикалық дағдыларды алды. Білім алушы курсты аяқтау бағыттары бойынша қатысушылар шағын топтар құрып, ғылыми мақалаларды бірлесіп жазуға кірісті. Бұл да жобаның міндеттерінің бірі болды. Табысты іске асырылған («Digital literacy and tools for young scientists» онлайн-жобасы жас зерттеушілердің ғылыми ортасында цифрлық дағдыларды арттыруға және олардың ғылыми танымға деген ұмтылысын нығайтуға арналған алаңдардың бірі болғанын жобаға қатысушылардың бірі – Абай Мырзахметов атындағы Көкшетау университетінің оқытушысы Риззат Елубаев атап өтті. Университеттің ғылыми кітапханасының қабырғасында жұмыс істейтін «American Corner and Maker Space Nur-Sultan» ақпараттық-ресурстық орталығы Л.Н.Гумилев атындағы ЕҰУ студенттері мен оқытушылары үшін көптеген қызықты және пайдалы бағдарламалар өткізеді. Қашықтықтан оқыту жағдайында барлық бағдарламалар онлайн форматта өтеді.