«Кітап – сарқылмас рухани қазына» атты кітап көрмесіне бейне шолу

Үстіміздегі жылдың 29 желтоқсанында ғылыми кітапханада  қазақ тіліндегі 100 жаңа оқулық жобасы бойынша аударылған оқулықтардың кітап көрмесі өтті. Ұлттық рухымызды жаңғыртуға бағытталған «Кітап – сарқылмас рухани қазына» деген атаумен өткізіліп жатқан көрмеге психология, философия, этика, эстетика саласы бойынша 13 кітап қойылды.

Психология саласынан  Стивен Ковидың «Жасампаз жандардың 7 дағдысы» атты кітабы жақсы өмірдің кілтін іздеген миллиондаған адамның өмір сүру әдістемесін  кеңінен баяндайды.

Философия саласынан Реми Хесстың  «Философияның таңдаулы 25 кітабы» атты кітабы. Бұл кітапта батыс философиясы дамуының елеулі кезеңдерін көрсетеді. Бұл шығармалар әлемдік ақыл-ой дамуының белесті кезеңдері мен бай қазынасын танытады .

Этика саласы бойынша Барбара Маккиннон мен Эндрю Фиаланың «Этика:теориясы мен қазіргі мәселелері» атты кітабы. Бұл кітапта жалпы этика дегеніміз не және этика саласындағы негізгі мәселелер қарастырылады.

Эстетика саласы бойынша Юрий Боревтың «Эстетика» атты кітабы бар.Бұл кітапта заманауи эстетиканың негізгі мәселелері жан-жақты баяндалады.

Аталған оқулықтар ғылыми кітапхананың барлық оқырмандарына, оқытушыларына гуманитарлық пәндерді оқуда белсене пайдалану мен зерттеу процесінде интеграциялау үшін ұсынылады.Әдебиеттерді ғылыми кітапхананың кітап қорынан алып танысуларыңызға болады.

(Сілтеме: https://www.youtube.com/watch?v=E3THBZLoEsM).