«МҰХАМЕТЖАН ҚАРАТАЕВ ЖӘНЕ ҚАЗАҚ ӘДЕБИЕТІ» ОНЛАЙН-ДӘРІСІ

2021 жылдың 6 қантарында ғылыми кітапхананың «Сирек кітаптар мен қолжазбалар» бөлімінің ұйымдастыруымен белгілі ғалым, филология ғылымдарының докторы, Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ профессоры Рақымжан Тұрысбектің «Мұхаметжан Қаратаев және қазақ әдебиеті» атты онлайн-дәрісі өтті.

Бұл дәріс қазақ әдебиетінің сыншысы Мұхамеджан Қаратаевтың туғанына – 110 жыл толуына орай ұйымдастырылып отыр.

Дәріс барысында сыншы-ғалымның өмірі жолы мен қызметі жайында, ЕҰУ Ғылыми кітапхана қорындағы ғылыми еңбектері таныстырылған, «Әдебиет сыншысы – М. Қаратаев» атты видеоролик көрсетілді.

Профессор Рақымжан Тұрысбек академик М. Қаратаевпен кездескен, сұхбаттас болған кездерін еске алып, мазмұнды естеліктер айтты. Сондай-ақ, академиктің қазақ әдебиеттану ғылымында: әдебиет тарихы, әдеби сын, әдебиет теориясы саласында бірдей жемісті еңбек еткені баса айтылды. Дәріс барысында тыңдаушылардың қызығушылығын тудырған, сұрақтарға жауаптар берілді.

Онлайн-дәріске университет оқытушылары, докторанттар мен кітапхана қызметкерлері қатысты.