Ғылыми кітапханадағы Факультет күні – 2021

Ағымдағы жылдың 10-26 ақпан аралығында ғылыми кітапхана бірінші курс білім алушыларына білім беру және ғылыми-зерттеу үдерісіне қажетті ақпараттық ресурстарын таныстыру мақсатында ғылыми кітапхана Факультет күндерін өткізді. Іс-шараны өткізу кезінде санитарлық-эпидемиологиялық режимнің барлық талаптары сақталды. Әр факультетке бекітілген пәндік кітапханашылар іс-шараны ұйымдастыруға белсенді қатысты. Факультет күнінің қатысушылары Л. Н. Гумилев атындағы ЕҰУ-нің 25 жылдығына арналған «Білім мен ғылымның ордасы» атты иллюстрациялық-кітап көрмесімен танысуға мүмкіндік алды. Көрмеде біздің университеттің тарихы мен қазіргі заманғы дамуы туралы баяндайтын материалдар ұсынылды. Әр мамандықтар бойынша білім беру пәндерінен жаңа оқу, оқу-әдістемелік және ғылыми әдебиеттердің көрмесі ұйымдастырылды. Экскурсия барысында студенттер, магистранттар мен докторанттар кітапхананың құрылымы мен пайдалану ережелері, жұмыс уақыты, кітапхана қорын пайдалану кезіндегі өз құқықтары мен міндеттері туралы білді. Әсіресе, іс-шара қатысушыларын «Жаңа гуманитарлық білім. Қазақ тіліндегі 100 жаңа оқулық» жобасы аясында шығарылған оқулықтар көрмесі ерекше қызығушылық тудырды. Электрондық ресурстар залында кітапхананың веб-сайты, электронды каталог пен университет жазылған деректер қорына қол жеткізуге мүмкіндігі бар «Электронды кітапхана» модулі жайында консультациялар мен көрсетілімдер ұсынылды. Осы күндері кітапханаға келген магистранттар мен докторанттар ғылыми және ғылыми-метрикалық деректер қорына тіркеліп, олармен жұмыс жасау бойынша кеңестер алды. Ғылыми зерттеу жұмыстарын қолдау қызметінің қызметкерлері ғылыми контентпен жұмыс істеу, авторлық идентификаторларының тізімін жасау ережелері, зерттеушілердің профильдерін түзету, сондай-ақ ғылыми мақалаларды жариялау үшін журналдарды іздеу және іріктеу бойынша кеңестер берді. Факультет күніне қатысушылар ғылыми кітапхананың үшінші қабатында орналасқан Америка бұрышына барып, ағылшын тілін меңгеру дағдыларын жетілдіру, көшбасшылық қабілеттерді дамыту және техникалық құзыреттіліктерді арттыру мүмкіндіктері туралы білді. «E-library USA» толық мәтінді деректер қоры туралы презентация оқыту мен зерттеуді қолдаудағы бұл ресурстардың кең мүмкіндіктерімен таныстырды. Кітапханамен таныстыру барысында оның қызметтері мен ресурстарын тұрақты форматта да, қашықтықта да пайдалану мүмкіндігі баса айтылды. Іс-шара қатысушылары кітапхананың ресурстары мен қызметтеріне қызығушылық танытты. Кураторлар мен студенттердің пікірінше, кітапхана – тек кітаппен қамтамасыз етіп қана қоймай, сабаққа өз бетінше дайындалуға, Интернеттен және деректер қорынан ақпарат іздеу дағдыларын алуға, фильмдер көру немесе семинарлар мен тренингтерге қатысуға, достар табуға және бос уақытты тиімді өткізуге болатын кеңістік. Іс-шараға белсеңді қатысқан студенттер кітапханаға алғыстарын білдірді.