Челлендж «Ақын Жамбылдың шығармалары»

Ағымдағы жылдың 28 ақпанында өз өмірін жалпыадамзаттық құндылықтарды насихаттауға, әділдікті жырлауға, Отанға деген сүйіспеншілікке арнаған қазақ ауызша-поэтикалық өнерінің шебері Жамбыл Жабаевтың (1846-1945) туғанына 175 жыл толды. Ақынның мерейтойын мерекелеу аясында ғылыми кітапхана қызметкерлері ұлы ақынның өз қорында ұсынылған шығармалары бойынша челлендж өткізді.

Челленджге Л. Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің студенттері қатысты. Челлендж қатысушылары рухани баю үшін сарқылмас қайнар көзі болып табылатын және жас ұрпақты патриоттық тәрбиелеу үшін ерекше маңызы бар Жамбыл Жабаевтың шығармашылығы туралы өз білімдерін кеңейтті.