АРАБИСТИКА В КАЗАХСТАНЕ» КІТАБЫНЫҢ ПРЕЗЕНТАЦИЯСЫ

2021 жылдың 4 наурыз күні ЕҰУ-дің Ғылым кітапханасында, «Сирек кітаптар мен қолжазбалар» бөлімінің ұйымдастыруымен Филология ғылымдарының докторы, ЕҰУ-дің Шығыстану кафедрасының профессоры, Түлеубаева Самал Абайқызының «Арабистика в Казахстане» атты оқу құралының онлайн таныстырылымы өтті.

Самал Абайқызы өзінің оқулығымен таныстыра отырып, Қазақстандағы арабтанудың қалыптасу және даму тарихы, оның қазіргі білім беру процесіндегі маңызы туралы айтты.

Кітапта қазақ және араб қарым-қатынастары: тарихы мен бүгіні, қазақ-араб қатынасының тәуелсіздік жылдарындағы даму бағыты, болашағы, екі елдің мәдени байланысы туралы ғылыми талдаулар берілген.

Қазақстанда араб тілінің оқытылуы мен араб мәдениетінің ықпалы зерттелген. Академиялық арабтану туралы сөз болғанда Қазақстаннан шыққан алғашқы арабтанушылар, аудармашылар, олардың еңбектерінің тарихи құны жан-жақты талданады. Арабтану мен ислам дінінің қатынасына қатысты өте қызық материалдар беріліп терең талдаулар жасалған. Қазақ даласынан шыққан алғашқы арабтанушы, араб мәдениетіне ғана емес, адамзат өркениетіне өшпес із қалдырған ұлы ғұлама әл-Фарабидің Қазақстандағы арабистиканың қалыптасуындағы орны мен рөлі туралы байыпты пікір айтылады.

Онлайн-презентацияға университеттің оқытушы-профессорлар қауымы, ғалымдары, студенттер мен кітапханашылар қатысты.