«Ұлттық тарихтың жанашыры» онлайн – кездесу

2021 жылы 26 наурыз күні ғылыми кітапхананың ұйымдастыруымен Қазақстан Республикасы Ұлттық Ғылым Академиясының академигі, тарих ғылымдарының докторы, ЕҰУ профессоры, шығыстанушы ғалым Болат Ешмұхамбетұлы Көмековтің 80 жылдығына орай «Ұлттық тарихтың жанашыры» тақырыбында онлайн-кездесу өтті.

Кездесуге Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия Ұлттық университеті Қазақстан тарихы кафедрасының профессоры, тарих ғылымдарының докторы, Махсат Алпысбесұлы жүргізуімен, университеттің оқытушы-профессорлар құрамы, докторант-магистранттар, студенттер қатысты.

Академик Б. Көмеков тарих ғылымында өзіндік өрнегі бар Қазақстан және Орталық Азияның ортағасырлық тарихын, қыпшақтану, тарихи география және ІХ-XVII ғғ. араб, парсы және түркі жазба ескерткіштерін зерттеуші тұлға.

Іс-шараны ғылыми кітапхананың директоры Бақытжан Әсетілдаұлы бастай отырып, кітапхана университет ғалымдарының жетістіктері туралы деректердің жүйеленуіне және сақталуына белсенді ат салысып келеді. Ғалымдарымыздың 17 биобиблиографиялық көрсеткішін шығарды және  көрсеткіштер кітапхананың сайтында қол жетімді.

Тарих факультетінің деканы, тарих ғылымдарының докторы, профессор Тілеген Садықұлы Болат Ешмұхамбетұлын мерей тойымен құттықтап, еңбектерін, жетістіктерін, өмір жолдарын көпшілік қауымға мақтан етті.

Академик Б.Көмеков отан тарихының зерттелуіне баға беріп өтті. Еліміздегі білім деңгейін нақты фактілермен негіздей отырып, барлық білім беруді қайта құруды жан-жақты ілгерілетуге, қол жеткізілген жетістіктерге қанағаттанбай, зерттеуші ғалымдарды өз жұмыстарына ынталы болуға шақырды.

Университетіміздің ғалымдары, шетелдік және өзге облыстан қатысып отырған қонақтар, академиктің шәкірттері мен білім алушыларымыздың жылы лебіздері айтылып, ғалымға қойылған сұрақтарына сүбелі жауаптар алды.

Шараны кітапхананың қызметкері Забира Жолдасбекова мерейтой иесі академик Б.Көмеков мырзаға, кеш қатысушыларына, жүргізуші-модераторға алғыс білдіріп, академикктің еңбек жолына толағай табыстар тілеп, биобиблиографиялық көрсеткіш жасалып жатқанын айтып өтті.  кешті қорытындылады.

Кездесу соңында академик Болат Ешмұхамбетұлы Көмековтің 80 жылдығына арналған ғалымның өмірі мен ғылыми еңбектері жайындағы бейнероликпен таныстырылды.