«Алаш мұрасы: көркемдік эстетикалық таным» атты онлайн-дәріс

29 наурыз күні қазақ әдебиеті кафедрасының профессоры, алаштанушы ғалым, Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі, филология ғылымдарының докторы Жұмағұл Сағымбай Ботпайұлымен «Алаш мұрасы: көркемдік эстетикалық таным» тақырыбында онлайн-дәріс ұйымдастырылды. Сағымбай Ботпайұлы бірнеше оқу құралдар мен монографиялардың және 300-ден аса ғылыми мақалалардың авторы, алаш мұрасын зерттеуші ғалымдардың бірі.

Сағымбай Ботпайұлы дәріс барысында Алаш қайраткерлерінің ұлттық жаңару мен жаңғырудағы елеулі мұралары туралы әңгімеледі. Алаш зиялыларының ұлттық мемлекеттілікті қайта жаңғыртудағы, тарихи қызметі, көркемдік-эстетикалық ұстанымдары негізіне тоқталды. Алаш ұранымен сөз өнеріндегі әдеміліктің, асқақтықтың, батырлық сипаттың эстетикалық категориялары зерделенді. Ұлттық және жалпы адамзаттық құндылықтар жүйесіндегі Алаш қайраткерлерінің өнерді бағалау ерекшеліктері туралы сөз болды.

Дәріс соңында журналистика факультетінің 3 курс студенті Рамазан Есмағамбетов, қазақ әдебиеті кафедрасының оқытушысы Болат Қорғанбеков тағы да басқа оқырмандар тақырыпқа байланысты сұрақтар қойды.

Онлайн-дәріске университет оқытушылары, докторанттар мен магистранттар, студенттер және кітапхана қызметкерлері қатысты.