«Жұмекен Нәжімеденов – ХХI ғасыр ақыны»

2021 жылы 19 сәуір күні Ғылыми кітапхана Дүниежүзілік кітап және авторлық құқық қорғау күніне орай «КІТАП – БІЛІМ БҰЛАҒЫ» апталықты бастап кетті. Апталық аясында «Бір ел – бір кітап» акциясының «Тәуелсіздіктің 30 жылдығына – 30 кітаптың» бірі Жұмекен Нәжімеденовтың «Менің Қазақстаным» кітабы таңдалды.

«Жұмекен Нәжімеденов – ХХI ғасыр ақыны» тақырыбындағы онлайн-бенефисті бөлім басшысы Забира Жолдасбекова жүргізіп, қазақ әдебиетінің айтулы ақыны, Қазақстан Жастар сыйлығының лауреаты, ҚР Әнұранының авторы Ж. Нәжімеденовтың өмірі мен шығармашылығы туралы «Жыр жұлдызы Жұмекен» атты бейнероликпен бастап, жазушы Абзал Бөкеннің «Менің Қазақстаным» өлеңі туралы жазбасынан үзінді оқыды. Кітапхана қызметкері Сания Керимбаева ақын өлеңінің жүректерге өшпестей із қалдыратыны және ақынның алты алашын жанындай сүйгенін айтып өтті.

Бенефис қонақтары практикалық қазақ тілі кафедрасының аға оқытушысы Тойбекова Салтанат Раймбековна Ж. Нәжімеденовтің «Менің оқырмандарым – болашақ ұрпақтар» деген алғы сөзімен ақынның өлең жолдарында терең мағына, жұмбақ сыр жатқанын, ақын өмірден ерте озса да, артына өшпес мұра, ғұмырлы жылдары қалдырғаны жөнінде мол мағлұмат берді.
ФФ қазақ тілі мамандығының 3 курс студенті Бекмұханбетов Әли Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Әнұранының тарихына тоқтады. Ж. Нəжімеденовтің «Менің Қазақстаным» өлеңінің ҚР Мемлекеттік Әнұраны болғаны жөнінде мағлұмат беріп, оқырмандармен бірге «Менің Қазақстаным» әні шырқалды. 1курс Гг-12 тобы студенттері: Алибекова Аружан «Анау келген кім болды екен, біліп келші кім екен…» өлеңін, Казимова Алуа «МЕНІҢ ЕЛІМ» өлеңін, Ещанова Малика «Отан» өлеңін оқып, естеліктер айтты. Ал Сәулет-құрылыс факультетінің 1 курс студенті «Тыныштық» жырын мәнерлеп оқыса, Бекмұханбетов Әли «Дала» өлеңін нақышына келтіріп оқыды.
Ж. Нәжімеденов шығармаларына арналған «Қияға самғаған – қыран ақын» кітап көрмесімен кітапхана қызметкері Айкинова Индира таныстырып, шолу жасады.

Кеш соңында Ғылыми кітапхана әдістемелік бөлімінің бас маманы Досова Асия өткізіліп отырған іс-шараның маңыздылығы туралы тоқталып, келешек ұрпаққа қазақ әдебиетіндегі Жұмекен Нәжімеденовтің қазыналы туындыларын насихаттау, жастарды рухани және патриоттық тәрбиеге баулып, ұрпақтан ұрпаққа кеңінен насихаттау парызымыз дей келе, кешке белсене қатысып, өлеңдерді нақышына келтіріп орындаған студенттерге алғыс білдіріп, кітап сыйлады.