Ғылыми-тәжірибелік вебинарлар сериясы

2021 жылдың 4-5 мамырында Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ Ғылыми кітапханасы мен Инфра-М компаниялар тобы, әлемдегі ең ірі академиялық кітап холдингі бірлесе университет оқытушыларына арналған «Оқу және ғылыми қызметке арналған сандық шешімдер» атты арнайы вебинар және ҚР ЖОО кітапханаларының қызметкерлері үшін компания ресурстары бойынша «Znanium ақпараттық-білім беру ортасы» ғылыми-практикалық вебинары өтті.

Вебинарларға қатысушыларға «Znanium.com» ЭКЖ ғылыми, оқу, оқу-әдістемелік толық мәтінді контентінің политематикалық топтамасының презентациясы ұсынылды. Әлемдегі ең ірі академиялық кітап холдингтерінің бірі ретінде «ИНФРА-М» КТ 8 негізгі ресейлік баспаны және 100 жетекші серіктес баспаларды, сондай-ақ ашық қолжетімділікте индекстелетін білімнің әртүрлі салалары бойынша 12,5 млн. құжатты қамтиды. Сондай-ақ бұл компания бірегей Discovery модулі мен анықтамалық-энциклопедиялық порталын ұсынады.

Вебинар аясында оқытушылар жүйемен жұмыс істеу мүмкіндіктері туралы ақпарат алды: пән бойынша қажетті әдебиеттерді жылдам таңдау, LMS сілтемелер, студенттерге арналған әдебиеттер ұсыныстары, планетаның кез-келген жерінде интернетсіз оқу. Кітапханашылар кітапханашының жеке кабинетіндегі бөлімдермен танысып, оқу орнына жазылу, оқырмандарға қашықтан қол жетімділікті қамтамасыз ету, «Znanium.com» ЭКЖ арқылы оқытушылармен өзара әрекеттесу мүмкіндіктерін және т.б. қарастырды.

Екі күндік іс-шараға қатысушылар ЭКЖ функционалын ғылыми және білім беру қызметінде пайдалану бойынша, сондай-ақ ұйымдастыру сәттері бойынша бірқатар сұрақтарға жауап алды.