Құрметті зерттеушілер!

Электротехника және электроника инженерлері институты (IEEE) білім беру курстарына тегін қол жетімділікті қамтамасыз етеді. Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ-де 2021 жылдың 30 маусымына дейін 5 жаңа курсқа қолжетімді:
1. Enterprise Blockchain for the Internet of Things
https://ieeexplore.ieee.org/courses/details/EDP553
2. Intelligent Control of Connected and Automated Vehicles
https://ieeexplore.ieee.org/courses/details/EDP533
3. Values by Design in Algorithmic Era
https://ieeexplore.ieee.org/courses/details/EDP498
4. The Digitized Grid
https://ieeexplore.ieee.org/courses/details/EDP546
5. Transparency and Accountability for Robots and Artificial Intelligence Systems
https://ieeexplore.ieee.org/courses/details/EDP525

Курстарға қол жеткізу үшін:

1. Тіркеу формасын толтырыңыз: https://goo.su/5Gck
2. Сіз көрсеткен электрондық пошта арқылы уақытша жеке логин мен пароль аласыз.
3. Сайтқа кіріңіз https://ieeexplore.ieee.org/Xplore/home.jsp
4. «Institutional Sign in» терезесіне жеке логин мен парольді енгізіңіз.
5. Қол жетімділігіңізді көру үшін сілтеме бойынша өтіңіз: https://ieeexplore.ieee.org/xpl/accessinfo

IEEE eLearning Library-дан күтілетін пайда:

∙ Нақты пәннен тыс жалпы білімді және конвергентті технологиялар туралы білімді арттыру;
∙ Жаңа технологиялар туралы кеңейтілген түсінік алу

∙ Кәсіби даму және қазіргі заманғы нарықта бәсекеге қабілеттілікті сақтау үшін қажетті дағдыларды дамыту.

∙ Курсты сәтті аяқтаған жағдайда халықаралық үлгідегі сертификатты алу.

Жоғары интерактивті онлайн курстарды (60-180 мин) танымал сарапшылар дайындады, технологиялық тақырыптардың кең спектрін, сондай-ақ инженерлерге қажет дағдыларды қамтиды. Барлық курстар IEEE Xplore сандық кітапханасы арқылы беріледі.