Ұстаз. Ғалым. Тұлға.

10-қыркүйекте Ғылыми кітапхананың ұйымдастыруымен Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ-дың 25 жылдығына орай университеттің әлеуметтік-мәдени даму жөніндегі проректоры, ҚР Ұлттық ғылым академиясының академигі, Халықаралық Ш.Айтматов академиясының академигі, алаштанушы ғалым Дихан Қамзабекұлымен кездесу өтті.

Білім берудегі кітапхананың рөлін жоғарлату, студенттердің көз аясының кеңеюіне ықпал ету, жастарға ғылым, қоғам туралы жан-жақты ақпарат берді. Кездесуде Дихан Қамзабекұлы Еуразия ұлттық университетінің қалыптасу тарихына, даму жолындағы қиындықтары мен жетістіктеріне кеңінен тоқталды. Университетте еңбек етіп жатқан ғалымдар қақында тұшымды әңгімелер айтты. Алаш  қайраткерлерінің қоғамдық қызметі, жалпы қазақ әдебиетінің әлеуметшілік сипаты сөз болды. Сондай-ақ, кездесуге қатысқан ғалымдар өздерін толғандырып жүрген сауалдарға жауап алды.