Бірінші курсқа түскен студенттерге бейімдеу декадасы

Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ-дың Jastar департаментінің ұйымдастыруымен 2 – 10 қыркүйек күндері аралығында «Бірінші курс студенттеріне арналған бейімдеу декадасы» онлайн өтті.

Білім алушыларға кітапхананың абонементтері мен оқу залдары, жұмыс уақыты, көрсетілетін қызмет түрлері туралы ақпарат берілді. Кітапхана сайты (https://lib.enu.kz/), электрондық каталог пен электрондық ресурстардың мүмкіндіктерімен танысты. 1-курс студенттері кітапханаға қатысты сұрақтарын қойып, жауап алды.