КЕШУБАЙ ҚАЖЫ ТӨЛЕШҰЛЫ ТҮРКІСТАНИМЕН КЕЗДЕСУ

Ағымдағы жылдың 15 қыркүйек күні Л.Н. Гумилев атынадағы Еуразия ұлттық университетінің ғылыми кітапханасында ақын, аудармашы, ғалым Кешубай қажы Төлешұлы Түркістанимен оқырмандардың арасында онлайн- кездесу өтті.

Кездесуде Кешубай Төлешұлы өзінің поэзияға қалай келгені туралы әңгімелерін айтып, лирикалық жырларынан оқыды. Сондай-ақ, Ахмет Яссауи хикметтерінің орыс тіліне аударылуы хақында оқырмандармен ой бөлісті. Өз шығармаларының ерекшелігін талдап, қызықты ойларын ортаға салды.

Оқырман қауымды Абай шығармалары туралы зерттеулерімен таныстырып, өз еңбегін кітапханаға тарту етті.