ҚҰРМЕТТІ ОҚЫТУШЫЛАР, ДОКТОРАНТТАР, СТУДЕНТТЕР!

Сіздерді 2021 жылғы 5 қазанда сағат 17.00-де «Ғылыми жарияланымдарға арналған IEEE Xplore Халықаралық деректер базасының білім беру ресурстары»онлайн-тренингіне шақырамыз.
IEEE Xplore сандық кітапханасы әлемдегі ең ірі техникалық электронды кітапхана, ол қазіргі заманғы ғылыми әлем әдебиетінің үштен бір бөлігін қамтиды, атап айтқанда:
– 5,3 миллионнан астам толық мәтінді құжаттар
– 195 рецензияланған IEEE ғылыми журналы
– 1,800-ден астам IEEE конференция жинақтары
– 4,600-ден астам халықаралық IEEE техникалық стандарттары

IEEE шығаратын журналдар Scopus мәліметтер базасында алғашқы орындарды алады. Электротехника және электроника инженерлері институты (IEEE) – бұл халықаралық коммерциялық емес инженерлік мамандар қауымдастығы, радиоэлектроника, Электротехника және есептеу жүйелері мен желілерінің аппараттық стандарттарын әзірлеудегі әлемдік көшбасшы. IEEE әлемнің 160-тан астам елінде 423 000-нан астам мүшесі бар.
Тренинг техникалық факультеттердің студенттеріне, магистранттарына, докторанттарына, оқытушыларына, зерттеушілеріне бағытталған. IEEE Xplore платформасының функционалдық мүмкіндіктері мен құралдары, ғылыми-техникалық зерттеулер әлеміндегі навигация жүйесі, ғылыми зерттеулерді IEEE журналдарында жариялау процесі қамтылады.
Ақпараттық вебинар Қазақстан Республикасындағы IEEE уәкілетті өкілі Әсел Жарасованың шақыруымен өтеді.

Ссылка для регистрации https://goo.su/82H2
Ссылка для вебинара https://goo.su/82hJ