Жаңалық

2021 жылдың 18 қарашасы күні Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің ғылыми кітапханасында «Оқытушы еңбегі  оқырманға ой салса…» жобасы аясында география ғылымдарының докторы, профессор Мазбаев Орденбек «Айтары бар ұлағатты ұстаз» атты кездесу өтті.

Автордың еңбектерін, өмір жолын, саяхаттарын, сондай-ақ ғылыми жұмыстарын талқылау мақсатында өткізілген іс-шараны Оқырмандарға қызмет көрсету бөлімінің жоғары білікті кітапханашысы  Г.Т. Спатаева ашып берді. Кеш барысында Орденбек Білісбекұлы ғылыми жұмысы мен саяхаттары жайлы, соның ішінде Қазақстаннан алғаш рет Антарктида экспедициясына серіктестерімен бірге 108 сағатта көлікпен барып, Оңтүстік полюске көк Туымызды желбіретіп көтергені, бұл жағдайдың Гинесс рекордтар кітабына енгені туралы терең сөз қозғап, көптеген деректер мен қызықты әрі құнды мәліметтер берді. Танымал тұлғамен жүзбе-жүз сұхбаттасқан студенттердің кездесуден алған әсерлері мол болды.

Іс-шараға арнайы ұйымдастырылған «Асуды алған ғалым» атты кітап көрмесі қатысушылар назарына ұсынылды.