ЕҰУ ғалымдарының еңбектері

Ағымдағы жылдың 12-27 мамыр аралығында Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті «23 мамыр – Университеттің туған күніне» арналған «Күлтегін» декадасын өткізуде.

 

   

Декада аясында 18 мамыр күні Университет ғылыми кітапханасы «ЕҰУ ғалымдарының еңбектері» кітап көрмесін ұйымдастырды. Көрмеде университет академиктері Е.Б. Сыдықовтың, Ж.М. Әбдилдиннің, С.А. Қасқабасовтың, Ғ. Есімнің, Ж. Мәлібековтің, А. Сейдімбектің, М. Жолдасбековтің, С. Негимовтің, Н. Омашевтың, Е.Оңғарбаевтың, Д. Қамзабекұлының, Р.І. Берсімбайдың, Қ.Сартқожаұлының, Қ.Салғараұлының еңбектері және басқа да белгілі ғалымдардың еңбектері, университеттің баспасынан жарыққа шыққан барлық ғылым саласын қамтитын ғалымдарымыздың еңбектері қойылды. Сонымен қатар 25 жылдыққа шыққан еңбектер мен Абай Құнанбаевтың 175 жылдық мерейтойына «Абай академиясы» ғылыми-зерттеу институты жариялаған еңбектер де орын алды.

      

Көрмеге қойылған университет ғалымдарының еңбектерімен қазақ зиялы қауымы, ғалымдар мен студенттер, қонақтар танысып, естелікке суретке түсті.