«Абай мұрасы – қазақтың ұлттық қазынасы»

Абай күніне орай 10 тамыз күні ЕҰУ Ғылыми кітапханасы «Абай мұрасы – қазақтың ұлттық қазынасы» атты тағлымды іс-шара өткізді.

Іс-шараға Нұр-Сұлтан қаласы Полиция Департаменті ЖҚАЖ (Жедел қимылдайтын арнайы жасақ) қызметкерлері қатысты. Кездесу барысында жазушы, әдебиеттанушы, ҚР жазушылар одағының мүшесі,  ф.ғ.к. Иманғазы Нұрахметұлы қазақтың ұлы ақыны Абайдың  шығармаларына терең тоқталып,  қара сөздерін талдап, өткен қоғаммен бүгінгі заманның тыныс-тіршілігін, тәрбиелік мәнін айшықтап көрсетті.

 

   

Сонымен қатар «Абай мұрасы – қазақтың ұлттық қазынасы», «Әлемге танылған – Абай», «Абайтанушылар» атты видеороликтер көрсетілді.

Абай Құнанбайұлының шығармалары мен ол туралы жазылған ғылыми зерттеу еңбектерінен кітап көрмесі ұйымдастырылып, таныстырылды.

Келген қонақтар кітапханамен танысып, кітапхана қызметкерлеріне алғысын білдірді.