Құнды тарту

21 сәуір күні Дүниежүзілік кітап және авторлық құқық күніне орай ғылыми кітапханада өтіп жатқан кітап апталығы аясында Қытай Халық Республикасынан Yang Xuemei бастаған бір топ делегация өкілдері кітапханамызға кітаптар сыйлады. Проректор Серік Биханұлы қонақтарды қарсы алып, университетіміздің білім беру жүйесіндегі жетістіктерімен және кітапхананың ақпараттық ресурстарының мүмкіндіктерімен таныстырып, екі ел арасындағы академиялық ұтқырлық байланысты нығайту жөнінде атап өтті. Қытай Халық университетінің баспасы, «China Friendship Publishing Corporation», «Renmin University Press», «Library of Marxism Studies», «B&R Book Program» сияқты ірі баспалардың өкілдері тележурналистика, тарих, бизнес, экономика, кәсіпкерлік және басқа да әр түрлі саладағы 85 кітапты тарту етті. Солардың ішінде Қытай Халық университетінің «Eurasia-Astana» баспасынан шыққан авторлары Вей Синхуа «Маркс и капитал» кітабы, Юань Цзиньфу «Жоғары қарқынды теміржол», Пекин университетінің баспасынан «Жаңа жібек жолы», «Қытай антропология ғылымының тарихы», сонымен қатар «China Friendship Publishing Corporation», «Renmin University Press», «Library of Marxism Studies», «B&R Book Program» сияқты ірі баспалардан 2022 жылы жарыққа шыққан қытай тіліндегі кітаптарды ерекше айтуға болады. Бұл кітаптарды А.Секен, А.Адай, т.б. ғалымдар қазақ және орыс тілдеріне аударған.